Жыл басынан бері елімізде жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 406,2 млрд теңгеге өтінім түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 тамыздағы жағдай бойынша ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жылжымайтын мүлікті жария ету үшін жалпы сомасы 406,2 млрд теңгені құрайтын 43 040 өтініш түсті, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, сомасы 293,6 млрд. теңгеге 35 738 тұрғын үй нысаны, сомасы 107,7 млрд. теңгеге 18 474 тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 74,7 млрд. теңгеге 4 578 коммерциялық нысан жекешелендіруге өтінім болды. Сондай-ақ сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Нәтижесінде сомасы 229,4 млрд. теңгеге 32 361 нысан жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары сомасы 636,5 млн теңгені құрайтын 18 тұрғын үй нысанын жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Оның ішінде сомасы 632,1 млн. теңгені құрайтын 14 тұрғын үй нысаны, сомасы 1,5 млн. теңгені құрайтын тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 1,5 млн. теңгені құрайтын коммерциялық нысан болды. 3,0 млн. теңгені құрайтын, 2 заңды тұлғалардың қатысу үлесі мен 670 теңге сомасында бағалы қағаздар қаралды. Нәтижесінде сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 нысан және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 31 шілдедегі жағдайы бойынша жалпы сомасы 73,8 млрд. теңге ақшаны жария етуге 151 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд. теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,1 млрд. теңгені құрады. ҚР экономикасына 37,5 млрд. теңге инвестицияланды.

31 шілдедегі мәліметтерге сәйкес «Мүлікті жария ету үшін алым» бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.

Соңғы жаңалықтар