15:35, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Жыл басынан бері еліміздің халықаралық қорлары 10,9 млрд. долларға өсті
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері еліміздің халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 10,9 млрд. долларға өсті.

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«Жыл басынан бері еліміздің халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 10,9 млрд. долларға өсіп, 83,8 млрд. долларды құрады», - деді С. Ахметов.
Оның пайымдауынша, бұл қаражат алдағы уақытта да еліміздің даму қарқынын қамтамасыз ететін болады.