Жыл басынан бері Қазақстанның халықаралық резерві 3,6 млрд долларға артты - А. Ахметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жыл басынан бергі жиынтық халықаралық резерві 3,6 млрд долларға немесе 4 пайызға артып, 95 млрд долларды құрады. Бүгін Парламент Сенатында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін талқылау барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов осылай мәлім етті.
None
None

«Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 1,7 млрд долларға немесе 6 пайызға артып, сәуір айының соңына таман 29,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, ҚР Ұлттық қорының активтері жыл басынан сәуір айының соңына дейін 1,9 млрд долларға немесе 3,1 пайызға өсіп, 65,4 млрд долларды құрады», - деді А. Ахметов.

Еске салайық, бүгін Сенатта ҰБ төрағасының орынбасары «Ақша-кредиттік саясат туралы» баяндаған болатын. Онда А. Ахметов Қазақстанның валюта нарығындағы қазіргі ахуал, төлем балансы жайында әңгімелеп, кредиттік саясат туралы баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар