Жыл басынан бері Жамбыл облыстық ІІД азаматтардың төрт мыңдай өтініші мен арызын қарады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жыл басынан бері Жамбыл облысы ІІД 900-ден астам азаматтарды қабылдаған, 4 мыңдай өтініштер, үндеулер қаралған,
None
None

деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

«Елбасы барлық құқық қорғау органдарына жаңа, қиын да жауапты тапсырма жүктеді, оның ішінде - азаматтардың өмірлерін, денсаулықтарын, құқығы мен бостандықтарын қорғайтын, оларға кідірмей көмекке келетін сапалы институт құру, - дейді ІІД баспасөз хатшысы Роза Қалдыбекова.

«Полицейлердің атына олардың қырағылығы, жауаптылығы мен мейірімділігі жайында жазылған алғыс хаттар аз келмейді», - деп атап өтті ол.

Мәселен, Есдәулетовтардың отбасы қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Н.Ысқақовқа, Е.Оразбековке, А.Сүлейменовке жоғары кәсіпқойлығы мен қайырымдылығы үшін шынайы алғыстарын білдіруде.

Сондай- ақ, Тараз қаласының тұрғыны Айжан Бегімқұлова өзінің хатында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрбол Махановқа алғысын білдіруде. Офицер таңертең қызметке асығып бара жатып, жол бойында жылап тұрған баланы назардан тыс қалдырмады. Бала автобуста ұйықтап қалып, өзі тұратын ауданнан адасып кеткен. Н.Маханов алты жасар баланы жұбатып, оның ата-анасын да тауып берді. Адасқан балақай тұратын жері туралы мардымды ештеңе айта алмады, құқық қорғау қызметкеріне оның күнделк дәптері көмектесті. Өтініш иесі полицейдің қайырымды әрекетін назардан тыс қалдырмауды өтінген.

Бірнеше күн бұрын Жамбыл облысы ІІД-не ТарМУ-дың қызметкері Қарлығаш Хилыбаева да келіп, №3 қалалық полиция бөлімінің қайырымды қызметкерлері үшін облыстың бас полицейі Б.Аймағамбетовке алғысын білдірді. Ол өзінің хатында анықтаушы полиция аға лейтенанты Мұрат Оразалиев пен аға жедел уәкіл полиция майоры Серік Зәмиевті марапаттауды өтінген. Олар кішіпейіл болумен қатар, өз істеріне тиянақты болып шықты. Бір ай ішінде оған ұрланған құнды затын тауып берді.

Жамбыл облысы ІІД бастығы Бекет Аймағамбетов «әрбір нақты полицей қаншалықты нәтижелі және жауапты жұмыс істесе, нәтижесінде ведомствоның жұмысы да өрге басады. Барлық шалынған қоңыраулар, азаматтардың үндеулері мен өтініштері тіркеліп, ескеріліп қана қоймайды, олар қаралады, әрбір адам өзінің сұрағы мен сауалына білікті жауап алады», - дейді гарнизон басшысы.

Соңғы жаңалықтар