Жыл басынан бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1207,7 млрд. теңгенің міндеттемелерін орындамады

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында биылғы бірінші тоқсандағы бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев бюджеттік бағдарламалардың кейбір әкімшілері бюджеттік рәсімдерді орындау шараларына жауапкершілікпен қарамағандығын атап өтті.
None
None

«Қажетті бюджеттік рәсімдерді орындауға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің барлығы бірдей, тиісінше жауапкершілікпен қарамағанын атап өткім келеді. Мәселен, 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әкімшілер 1207,7 млрд. теңгеге міндеттемелерді қабылдамаған. Бұл жалпы тоқсандағы бюджеттің атқарылуына теріс әсерін тигізді»,-деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелерді қабылдамауының негізгі себептері мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, мемлекеттік сатып алуды конкурстық рәсімдерінің ұзаққа созылып өткізілуі, сондай-ақ шарттарды кеш жасасу болып табылады.

«Осыған байланысты өздері әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша міндеттемелерді уақытылы қабылдау қажеттігіне барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарын аударғым келеді. Өйткені бұл бюджет қаражатының игерілуіне тікелей әсер етеді. Бюджет қаражатының игерілуіне бақылауды күшейтіп, күнделікті мониторинг жүргізіп отыру қажет»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар