Жыл басынан ел прокурорлары заңды бұзудың 243 мыңнан астам фактісін анықтады - А.Дауылбаев
Бұл туралы бүгін Астанада бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық салада қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жемқорлықпен күреске, сондай-ақ кәсіпкерлер мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және мемлекет мүддесіне қатысты жұмыстарға баса назар аударылды. Атап айтқанда, прокурорлар 12 мыңнан астам тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша 243 мыңнан астам заңдылықты бұзу фактілері анықталып, жойылды. 500 мың азаматқа қатысты құқық бұзушылық қалпына келтірілді. 25 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілерге тосқауыл қойылды»,-деді Бас прокурор.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекет пайдасына 30 млрд. теңгеден астам көлемде шығындардың орны толтырылды. Сонымен қатар, 15 млрд. теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.
«71 млрд. теңгеге прокурорлардың талап-арызына қолдау жасалып, 452 қылмыстық іс қозғалды. Мұнымен қоса жауапкершіліктің түрлі деңгейінде 37 мыңнан астам адам жауапқа тартылды», - деді ол.