Жыл басынан Қазақстан бюджеті 1248,0 млрд. теңгемен толықты - Қаржы министрі

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші тоқсанда ел бюджетіне түсімдер 1248,0 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш кезеңде бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Бюджет түсімдері 1248,0 млрд. теңгені немесе 99,1 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 82,9 млрд. теңгеге ұлғайды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, кірістер 1244,1 млрд. теңге немесе 100 пайыз деңгейде түсті. Бұл ретте, негізгі кіріс көздері артығымен орындалған. Ал, салықтар 807,2 млрд. теңге немесе 100,8 пайыз, салықтық емес түсімдер 18,8 млрд. теңге шамасында болды. Бұдан бөлек, негізгі капиталды сатудан болатын түсімдер 0,1 млрд. теңге немесе 110,3 пайыз деңгейінде түсті.

Сондай-ақ, трансферттер 418,0 млрд. теңге көлемінде болды.

Соңғы жаңалықтар