Жыл ішінде үш мыңға тарта санитарлық-эпидемиологиялық ережені сақтамау фактісі анықталды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жыл ішінде үш мың тексеріс жүргізіп, соның барысында 2 720 санитарлық- эпидемиологиялық ережені бұзу фактісін анықтаған. Заңсыздыққа жол бергендерге 15,5 миллион теңге айыппұл салынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында осы деректерді келтірген басқарма бастығы Қасымжан Тәшметов 6 іс сот қарауына жіберіліп, 31 нысанның жұмысы тоқтатылғанын атап көрсетті. Салық комитетімен бірлесіп жүргізілген тексеріс кезінде заңсыз жұмыс істеген 200 нысан анықталған. Өткен жылмен салыстырғанда орталықтандырылған су жүйесіне қосылған білім ошақтарының қатары екі пайызға өскенімен, мектептердің 55 пайызы тасымалданған суды пайдаланып келеді. Елді мекендердің 80 пайызы орталықтандырылған сапалы сумен қамтамасыз етілсе, 37 ауылда ол тасымалданады. Базарлар мен сауда орындарында жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша 558 келі тағам саудадан алынып тасталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда он есеге көп. Қазіргі кезде «Ветеринария туралы» Заңның күшіне енуіне орай, бұл бағыттағы жұмыс ауқымы кеңейтілетін болады. Өз кезегінде баспасөз өкілдері облыстың бас санитарлық дәрігерінен Бурабай, Зеренді курортты аймақтарда экологиялық тазалықтың сақталуы, перинатарлық орталықтағы ауа температурасының төмендігі, жайма базарлардың болашағы және оларды бақылау, жұқпалы дерттің алдын алу, біріншілер қатарында шешімін тапқан «Бір терезе» жүйесі қызметінің қазіргі аяқалысы турасындағы сауалдарына жауап алды.

Соңғы жаңалықтар