Жыл соңына дейін Қызылорда облысы бойынша 437 шақырым жолдың құрылысын аяқтау көзделуде

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда облысы бойынша өтетін учаскесінің ұзындығы 812 шақырымды құрайды. Басқа өңірлермен салыстырғанда қайта салу жұмыстарын жүргізу көлемі бойынша бұл ең үлкен учаске болып табылады. Ал облыстағы жол құрылысы аталған жобаны іске асыруды қолға алған жылы басталды және бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Ағымдағы жылы облыс  бойынша 437 шақырым  жолдың  құрылысын аяқтау  көзделуде. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Қызылорда облысы бойынша Автомобиль жолдары департаментінің  директоры Ерұлан Жүнісовтың айтуына қарағанда, бүгінде  барлық учаскеде  құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оған 5 бас мердігер  және 20 қосалқы мердігер ұйым  тартылған. Көлік дәлізінің Қызылорда облысы бойынша учаскесінің құрылыс жұмыстары Дүниежүзілік банктен қаржыландырылған. Құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізуге және жобаны басқаруға Корея, Ұлыбритания, Канада елдерінен танымал компаниялар мен білікті мамандар тартылған. Қазақстан тарапынан «Қазжолжобалау» компаниясы қатысуда. Магистральді жобалау барысында  Қызылорда, Жаңақорған, Арал қалалары мен Шиелі және Жусалы ауылдарын айналып өту жолдары қарастырылған. Бұндай шешім  бүгінгі күні осы елді мекендер арқылы өтетін  жолдағы көліктердің ағынын азайту үшін қабылданған болатын. Қызылорда облысының көп аймағы  құмды жер екенін ескере отырып, жобада жол  жиегіне жолақ құрылғыларын салу, ағаш отырғызу, жолдың топырақ жабындысының  құламасын бекіту қарастырылған.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің  Қызылорда облысы бойынша өтетін учаскесінің құрылысына 22624 жұмысшы тартылған. Солардың ішінде 15686 -  жергілікті тұрғындар болса,  6658  жұмысшы - Қазақстанның басқа өңірлерінен келгендер», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар