Жыл соңына дейін Үкімет Мәжіліске бірқатар заң жобаларын ұсынады - Мәжіліс Төрағасы

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Стратегиялық жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін Үкімет Мәжіліске бірқатар заң жобаларын ұсынады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында жиынды ашып сөз сөйлеген палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.
None
None

Сөз арасында спикер Мемлекет басшысының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын құқықтық қамтуды басты міндет ретінде белгілегенін айтып, бұл ретте отандық экономиканың инновациялық жолға түсуіне қажетті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Осы тұрғыдан, біз биылғы жылдың соңына дейін Үкімет Мәжіліске «Индустриялық саясат туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және тағы да басқа заң жобаларын ұсынады деп күтіп отырмыз», деді Төраға. Сонымен бірге, О. Мұхамеджанов ағымдағы сессияда «Ғылым туралы» заңның жаңа редакциясымен жұмыс аяқталуы тиіс екендігін айтып, аталған құжат нормалары тиімді ғылыми инновациялық жүйе құруға бағытталатынын жеткізді.

«Сонымен қатар, біздің алдымызда мемлекеттің құқық қорғау саласы мен сот жүйесін одан әрі жетілдіруді заңнамалық жағынан қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс көлемі күтіп тұр. Парламент мемлекеттің әлуеттік аппаратын жаңғыртуға, қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға және қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтуға бағытталған заңдарды қарастырып, қабылдауы қажет. Бұлар еліміздің құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Президенттің тапсырмасы бойынша біз осы сессияда Қазақстанның зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріп, нотариат туралы заңнаманы жаңартуымыз керек», деді Төраға.

Соңғы жаңалықтар