Жыл соңына дейін жаңадан ашылған мектептер саны 19-ға жетеді - Қ. Көшербаев

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданында №246 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, бүгін оқушылар өздерінің білім ұяларында оқи бастады. Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапары барысында жөндеуден өткен мектептің жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл білім ұясының ірге тасы 40 жыл бұрын қаланған. Күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың соңында басталды. Жаңа оқу жылында оқушылар өз мектептерінде білім алуға тиіс болатын. Дегенмен, жобада қаралмаған акт залдың үстіндегі төрт плиткада жарық пайда болып, барлығы сапалы құрылыс материалдарымен ауыстырылды. Бұл мектепте білім алатын 500-ге жуық оқушыда білім ұяларының жаңарғандарына қуанышты.

-Талабы таудай, маңдайы жарқыраған балаларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Жас ұрпақтың білім алуы үшін салынған инвестиция еселеп қайтатыны сөзсіз. Жаңа оқу жылында бір күнде 9 мектепті пайдалануға бердік. Оның 6-уы аппатты жағдайдағы білім ордасының орнына салынды. Жыл соңына дейін жаңадан ашылған мектептің саны 19-ға жетеді, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар