Жыл соңында Щучье қаласында 150 жас отбасы жаңа пәтерге ие болады
Сапар барысында өңір басшысы Щучье қаласындағы жылу қазандығында болып, коммуналдық нысанның қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Биылғы жылы Щучье және Зеленный Бордағы «Тепло-Транзит» коммуналдық кәсіпорнының жылу қазандықтарын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі кезде жаңа қазандық орнатылып, жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Коммуналдық кәсіпорында болған өңір басшысы қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына көңілі толатынын атап өтті. Сондай-ақ осындағы екі 75 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен де танысты. Бұл қос үйдің әрбірінің құны 397,1 миллион теңгені құрайды. Осы күні жас отбасыларға аралған алғашқы үйдің бес қабаты қаланған. Инженерлік желі, су, жылу, кәріс жүйесі және электр желісі тартылды. Ал екінші үй ипотекалық несие бойынша салынып жатыр. Оның да құрылысы қызу жүргізілуде. Қос үйді де қараша айында тапсыру жоспарланған. Осы орайда өңір басшысы Сергей Кулагин мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі кестеге сай жүргізуді тапсырды. Сапар соңында облыс әкімі өңіріндегі «Есіл Агро» ЖШС тәрізді өзге де әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу жөнінде аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.