Жылдың басынан бастап Қазақстанның халықаралық резервтері 4%-ға өсті - Д. Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері сәуірде 2,3 млрд. АҚШ долларына немесе 2,5%-ға ұлғайып, жиынтығында 95 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Астана экономикалық форумының жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
None
None

Оның айтуынша жылдың басынан ҚР халықаралық резервтерінің 3,6 млрд. АҚШ долларына немесе 4%-ға өсуі байқалды.

Сондай-ақ Д.Ақышев 2016 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 1,1 млрд. АҚШ долларына немесе 4,0%-ға (жыл басынан бастап - өсу 1,7 млрд. АҚШ доллары немесе 6%-ға) 29,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскендігін хабарлады.

«Сәуірдің соңында Ұлттық қордың активтері 65,4 млрд. АҚШ долларына дейін өсті» - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар