Жылдың басынан бері «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы отандық тауар өндірушілермен 7,5 миллиардтай теңге сомаға келісімшартқа отырды
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе көп, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы - Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі операторы. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын компания 2010 жылдың бірінші тоқсанында сатып алынатын тауарлардың қазақстандық үлесі 29 пайызды шамалайды, ал жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың үлесі 75 пайызды құрайды деп жоспарлап отыр.
2009 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, компания келісімшарттарының 76,8 пайызын - отандық тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілерімен жасалған шарттар құраған, оның ішінде, қазақстандық қамтудың тауарлар бойынша үлесі - 22 пайызды, жұмыстар мен қызметтердегі үлесі 66,75 пайызды құраған.
Қазақстанның аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының 56 пайызы «Қазтеміртранс» акицонерлік қоғамының жүк вагон паркімен жүзеге асырылады. Компания өзінің жүк тасымалдау жөніндегі негізгі қызметінен басқа, вагондарға жөндеу және жетілдіру қызметін, көліктік-экспедиторлық, вагондарды жалға беру қызметтерін көрсетеді.