Зүлфия Чиншанло Әлем рекордын жаңартып, Олимпиада чемпионы атанды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Зүлфия Чиншанло Әлем рекордын жаңартып, ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды.
None
None

Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынындағы екінші алтын.

53 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан зілтеміршіміз жұлқа көтеру сайысында 95 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтаған болатын. Дегенмен, серпе көтеру сайысының екінші тапсырысында   131 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартумен қатар, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Ол екі сайыстың қорытындысы бойынша 226 келіні бағындырды. Ал екінші орын  тайпейлік Хсу Ши-Шингке, қола медаль молдавалық Кристина Иовуға бұйырды. Айта кетерлігі, екеуі де қос жаттығудың нәтижесінде  219 келі көтерген болатын. Дегенмен, тайпейлік спортшының салмағы сәл жеңіл болғандықтан Олимпиада күмісіне ие болды.




Соңғы жаңалықтар