Зырян қаласында құтқарушылар өрттен екі адамды аман алып шықты

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында құтқарушылар өрттен екі адамды аман алып шықты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, бейсенбі, 29 желтоқсан күні, түнгі сағат 3-те Маяковский көшесіндегі жер үйлердің бірінен өрт шықты. Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

90 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның ошағы бір жарым сағатта жойылып, тек алты сағаттан кейін толығымен ауыздықталды.

Өртпен күрес барысында құтқарушылар 51 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірімді ажал аузынан алып қалды. Күйік жарақаттарын алған олар ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ медициналық мекемеге өрт орнынан өздігімен шыққан 51 жастағы ер адам жеткізілді. Ол күйік жарақаттарын алып, иіс тиіп уланған.

Соңғы жаңалықтар