Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов

Қазақ ақыны, драматургі, қоғам қайраткері

Туған күні
2 шілде 1942, 83 жаста
Қайтыс болған күні
19 сәуір 2026
Туған жері
Оңтүстік Қазақстан облысы; Отырар ауданы, Шілік ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер

«Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы

Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы

КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды

1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы

Әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті

2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды

2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы еді

2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық  "Жалын" журналының бас редакторы.

Білімі

 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған

Марапаттары

Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994)

Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996)

БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының

Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының

Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының

Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият» сыйлығы

Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр» сыйлығы

ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлығы

2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі

Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған