21 мамыр. Тұлғалар туған күн

Туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 21 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Алексей Юрьевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1981-1991 жылдары Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.1991-1992 жылдары ҚР Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарды. 1992-1996 жылдары БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі, 1996 -1999 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы), 1999 -2003 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы, 2003-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

54 жыл бұрын (1970) Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы ДОСАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алды.

Еңбек жолы: 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» Басқарма төрағасы, 1998 жылы ҚР Премьер-министрі кеңесшісі, 1998 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, 2000 жылы ҚР Қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы, 2001-2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, 2003-2004 жылдары ҚР Қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі лауазымын атқарған. 2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрі, 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрі, 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі, 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бері.

53 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі Алмас Әбдімүтәліпұлы ӘБЖАППАРОВ дүниеге келген.

Алматы облысы Алмалы ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "электрик инженер" мамандығы бойынша, 1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер"мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдап, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1993 жылы "APBEA Col td"ЖШС бастаған.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар