Агенттik туралы

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі – Қазақстан Республикасындағы халықаралық мәртебеге ие болған алғашқы жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.

ҚазАқпарат 100 жылдан астам уақыт ішінде саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғам өмірінің басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел ақпарат таратып келеді.

ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің, аймақтық билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдардың қызметі туралы ресми ақпарат таратылады.

ҚазАқпарат жаңалықтары қазақ, орыс, ағылшын, қытай, өзбек тілдерінде қолжетімді. Сонымен қатар, шетелдегі қандастарымыз үшін жаңалықтар латын графикасында және төте жазумен беріледі.

«ҚазАқпарат» ХАА-ның орталық кеңсесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Еліміздің барлық өңірлерінде ақпарат агенттігінің меншікті тілшілері жұмыс істейді.Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Иорданияда да меншікті тілшілері бар. Бүгінгі таңда «ҚазАқпарат» ХАА қолданушыларының географиясы әлемнің барлық елдерін қамтиды.

Қоғам («Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.

Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. бейне, аудио, кино және фотоқұжаттарды жасау, жинақтау, өңдеу, сондай-ақ оларды қалпына келтіру және жүйелеу;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағаты мен еліміздің Мемлекеттік мұрағаты үшін бейне, аудио, кинофильмдер қорын құру;
  3. бейнефильмдер мен теле-, радиобағдарламалар жасау және тарату;
  4. қоғам құру мақсаттарына қайшы келмейтін ақпараттық қызметтер көрсету;
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын қолдау шеңберiнде, оның iшiнде интернетте, елдiң саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысты ақпаратты жедел тарату, сондай-ақ ақпараттық-публицистикалық жұмысты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта оң халықаралық имиджін қалыптастыру;
  6. Интернет желісінде жарнамалық кеңістікті ұсыну (сату) бойынша қызметтерді көрсету;
  7. Дерекқорды басқару жүйелерін пайдалана отырып, порталдар мен веб-жобаларды алгоритмдеу;
  8. Интернет желісіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық порталдарды ақпараттық басқару, жүргізу және қолдау;
  9. Интернет желісінде ақпаратты өңдеудің инновациялық құралдарын пайдалана отырып, деректерді орналастыру және өңдеу бойынша қызметтерді көрсету; (ҚазАқпарат)
  10. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағында телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру;
  11. меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
  12. жарнамалық өнімді өндіру және оны теледидар мен радиода тарату;
  13. телевизиялық және радиобағдарламаларды шығару, дыбыстау, тираждау;
  14. бағдарламаларды, кино -, аудио -, бейне- және басқа да өнімдерді өндіру және айналысқа жіберу (сатып алу - сату, айырбастау, прокат және т. б.);
  15. бейне, аудиоөнімге және өзге де зияткерлік меншікке авторлық және сабақтас құқықтарды сатып алу;
  16. Қазақстан Республикасында және шетелде теле-, кино-, аудио-, бейнеөнімдерді өндіруге тапсырыстарды орналастыру және орындау;
  17. теледидар сигналын эфирлік, спутниктік, кабельдік, сымды, цифрлық байланыс арналары және релелік желілер арқылы жеткізу және тарату арқылы трансляциялау;
  18. жергілікті желілер желісін пайдалана отырып, телекоммуникация қызметтерін қоспағанда, қолданыстағы және жаңа эфирлік, спутниктік, кабельдік және өзге де байланыс жүйелерін пайдалану;
  19. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ақпараттық және басқа да қызметтерді ұсыну;
  20. телерадио хабарларын тарату саласында бағдарламалық өнімдерді әзірлеу жөніндегі жобаларды дайындау және іске асыру.

«ҚазАқпарат» ХАА» штатында тәжірибелі тілшілер - Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және өңірлік конкурстардың жеңімпаздары, құрметті атақ пен сыйлықтардың иегерлері қызмет етеді.

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат

«ҚазАқпарат» ХАА әлем бойынша 50-ге жуық ақпарат агенттігімен меморандумдар шеңберінде ынтымақтасады, соның ішінде ТАСС (Ресей), ИРНА (Иран), ANSA (Италия), YONHAP (Корея Республикасы), МОНЦАМЭ (Моңғолия), Anadolu Agency (Түркия), Kyodo (Жапония), MTI / DUNA (Венгрия), УзА (Өзбекстан), FENA (Босния және Герцеговина), АЗЕРТАДЖ (Әзербайжан), TREND (Әзербайжан), Арменпресс (Армения), БелТА (Беларусь), MENA (Египет), Синьхуа (Қытай), ХОВАР (Тәжікстан), КАБАР (Қырғыз Республикасы), Татар-информ (Татарстан Республикасы, РФ), Башинформ (Башқұртстан, РФ), TASR (Словак Республикасы) бар.

Сонымен қатар, «ҚазАқпарат» OANA халықаралық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (Азия және Тынық мұхит елдерінің ақпараттық агенттіктер ұйымы), ТМД Ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (АНИА), түркітілдес елдердің ақпараттық агенттіктер ұйымының (TKA), "Бір белдеу – бір жол" жаңалықтар желісінің (BRNN) мүшесі.

Тарих беттері

  • 1920 жылы – «РОСТА-ның» Орынбор-Торғай бөлімшесі ретінде Қазақстан аумағындағы бірінші ақпарат агенттігі құрылды
  • 1925 жылы - Агенттік атауы КазРОСТ деп өзгертілді.
  • 1937 жылы - Агенттік ҚазТАГ атауымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне берілді.
  • 1997 жылы – «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
  • 2002 жылы - ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат»ҰК) құрылды.
  • 2008 жылы – «ҚазАқпарат» ҰҚ» АҚ «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.
  • 2013 жылы - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС ретінде құрылды.
  • 2019 жылы – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ болып қайта құрылды.
  • 2020 жылы - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ құрамына «ҚазКонтент» АҚ қосылып, қайта құрылды.
  • 2022 жылы - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ құрамына қосылу арқылы қайта құрылды.

Агенттікті түрлі жылдары басқарған басшылар:

  • Аркадий Иванович ВЯТИЧ-КИРИЛЛОВ
  • Константин НЕФЕДОВ
  • Жүсіп АЛТАЙБАЕВ
  • Кеңесбай ҮСЕБАЕВ
  • Қасым ШАРІПОВ
  • Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ
  • Жұмағали СМАҒҰЛОВ
  • Амангелді АХМЕТӘЛІМОВ
  • Мұрат АРЕНОВ
  • Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ
  • Жанай Сейтжанұлы ОМАРОВ
  • Дәурен Кеңесұлы ДИЯРОВ
  • Әсел Дулатқызы ТӨЛЕГЕНОВА
  • Асқар Куанышұлы УМАРОВ
  • Елдос Бигелдіұлы НӘШІРӘЛІ

Деректеме

  1. Ақпарат агенттігінің атауы: «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі –«ҚазАқпарат» ХАА
  2. Ақпарат агенттігі немесе интернет-басылымның меншік иесінің атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
  3. Бас редактордың аты-жөні: Нурумбетова Д.Р.
  4. Тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні және оны берген органның атауы: № KZ80VPY00048059, 2022 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті.
  5. Редакцияның байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы): Астана қ., Ақмешіт 3, «Park Line» бизнес орталығы