Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: ҚазАқпарат ХАА

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,78 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 475,96 теңге.
Ұлттық банктің 21 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңге, сатып алу құны – 478,5 теңге.
Ресей рублі 4,85 - 5, 01 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар