-36 градусқа дейін аяз: екі өңірде бірінші ауысымдағы сыныптар қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірі — Семей қалсы мен Қостанай облысының бірінші ауысымда оқитын сыныптары қашықтан оқуға ауыстырлды.
— Семей қаласының мектептерінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз) байланысты 1- ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, — делінген білім бөлімінің хабарламасында.
Ал бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында ауа температурасының -28 тен -36 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
Атап айтқанда, «Соловьев орта мектебі» КММ, «Чапаев орта мектебі» КММ, «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ.
Қостанай облысының Қарасу ауданында ауа температурасы -18 жетіп, желдің күшеюіне байланысты өңірдегі 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды.
Ал Жангелді ауданында бірінші ауысымда оқитын бірінші сыныптың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.
Еске сала кетейіку, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға қатысты түсінік берген еді.