Астанадағы EXPO кешені құрылысынан заңбұзушылық анықталды

Астанадағы EXPO кешені құрылысынан заңбұзушылық анықталды

Астанадағы EXPO кешені құрылысының сапасы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс комитеті EXPO құрылысының сапасын тексерді ме?» деп сұрақ қойды тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Менің білуімше, тексеруді Бас прокуратура жүргізді. Ол әлі аяқталған жоқ, сондықтан мен еш түсініктеме бере алмаймын, бірақ заң бұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелері әлі жарияланған жоқ, сондықтан тексеру әлі жүріп жатыр деп ойлаймын», - деп жауап берді Бақытжан Жүнісбеков.

Айта кетейік, EXPO іскерлік орталығы аумағында 16 ғимарат бар. Олардың жалпы ауданы 530 мың шаршы метрден асады.

Кешен аумағындағы негізгі нысандар арасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Astana Hub және Astana it University халықаралық технопаркі және басқалары бар.

Айта кетейік, 2024 жылы 1 қаңтарда заңсыз құрылысты болдырмауға бағытталған бірыңғай қала құрылысы сараптамасы қолданысқа енеді. Яғни, барлық жоба кешенді қала құрылысының мемлекеттік сараптамасынан өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum