Бүгін 7 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін еліміздің 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қазгидромет
Фото: из открытых источников

«2023 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар, Риддер, Семей, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, түнде 20 қыркүйекте Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Алматы облысында екі қылмыстық топ ұсталды
Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында екі қылмыстық топ ұсталды