1 000-нан асқан: Алматы полициясы жаңа жол белгілерін орнатып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында көше және жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр.

1 000-нан асқан: Алматы полициясы жаңа жол белгілерін орнатып жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 1 мыңнан астам жаңа жол белгілері орнатылып, 352 жол белгісі ауыстырылған. Сонымен қатар қаланың 20 көшесінде 30 500 шаршы метр аумаққа жол белгілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Ал 75 жаяу жүргіншілер өткелінде, әсіресе мектеп пен балабақшалардың жанында, жалпы ауданы 1 680 шаршы метр болатын жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.

— Жол инфрақұрылымын жақсарту — жол апатының алдын алуға көмектесетін негізгі себептердің бірі. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі — бірінші кезектегі міндет. Сондықтан біз білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілері күн сайын жүретін жерлерге ерекше назар аударамыз, - деді Асхат Құлбаев.

Еске салайық, Алматыда нөмірсіз жүрген 70-тен астам жүргізуші жазаланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар