1 қаңтардан бастап онлайн дүкендер кімге не сатқанын салық органдарына хабарлап отырады

АСТАНА. KAZINFORM — 1 қаңтардан бастап онлайн сауда платформалары сатылған тауар мен қызметтер туралы ақпаратты салық органдарына хабарлауға міндеттеледі.

онлайн сауда
Фото: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Аңсар Оразалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

— Жаңа Салық кодексінде электронды сауда қызметінің ашықтығын арттыру шаралары күшейтілді. 2025 жылдың 18 қыркүйегіндегі бұйрықпен интернет-платформа иелерінің сатылған тауарлар мен қызметтер туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары бекітілді. Олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, — деді ол.

Бұған дейін Қазақстандағы онлайн сауданың 90 пайызы Алматыда жасалатыны айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар