1 қазан күні Алматы қаласының барлық зейнеткерлеріне арналған қайырымдылық акция өтеді
МАТЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 1 қазан күні Алматы қаласының барлық зейнеткерлеріне арналған «Сізге қамқор қолымды созамын» атты қайырымдылық акция өтеді.
Халықаралық қарттар күніне арналған бұл іс шарада Мұражай қала зейнеткерлеріне «Ашық есік» күнін жариялап, келуші қонақтарға көптеген мәдени бағдарламаларды ұсынатын болады. Атап айтқанда, бұл күні еліміздің тарихи мәдени мұраларынан мағлұмат беретін музейдің I,II,III,IV залдарында тегін шолу және тақырыптық экскурсиялар, Қазақстанның өнер және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен әдеби-музыкалық кездесулер, «ойындар мен демалыс мүйісі»(үстел ойындары), «Алматы - менің сүйікті қалам» викторинасы, лоторея ұтыс ойындары, Алматы қаласының түрлі компаниялары ұсынған сусындар, кондитерлік және кулинарлық тағамдардың мәзірінен дәм тату, «Заңгер бұрышы», «Дәрігерге дейінгі тексеру кабинеті», «Музей кинозалы» және т.б. шаралар Алматы қаласының зейнеткерлері үшін арнайы ұйымдастырылатын болады.