1 қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау қанша тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының шекті құны белгіленді.
Құжатқа сәйкес, бір таңбалау кодының ең жоғары құны ҚҚС-сыз 2,68 теңге болады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау қағидаларының жобасы әзірленген еді.
Бұл жүйені енгізу:
- заңсыз айналым көлемін азайтуға;
- салық түсімдерін арттыруға;
- нарықтағы барлық қатысушы үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, елімізде медициналық қызметтер жарнамасына талап қатаңдайды.