1 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 1 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

1 қыркүйек, ДҮЙ СЕНБІ

Білім күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

Б үкіләлемдік бейбітшілік күні. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған күнмен тұспа-тұс тойланады.

Ливия Араб Социалистік Халықтық Жамаһириясының Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1969). Ливия - Солтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Шығысында Мысырмен, оңтүстік-шығысында Суданмен, оңтүстігінде Чад, Нигермен, батысында Алжирмен, солтүстік-батысында Туниспен шектеседі. Астанасы - Триполи қаласы. Мемлекеттік тілі - араб тілі, сонымен қатар кейде итальян, ағылшын тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - ливиялық динар. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы органы қызметін Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғары заң шығарушы органы - жалпыға бірдей Халықтық Конгресс.

Қазақстан Республикасы мен Ливия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылды.

Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні (1991).

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қарашаның 23-інде орнатылды.

Словакия Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні (1992).

Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.

АҚШ-та еңбек күні. Бұл күнді қыркүйек айының алғашқы аптасының дүйсенбісінде атап өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 1 жыл бұрын (1923) Қостанай қаласында «Ауыл» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редакторы - М.Сералин, жауапты шығарушы Б.Майлин болды. Кейін басылым атауы «Социалды ауыл», «Большевиктік жол», «Коммунизм жолы», «Коммунизм таңы» болып бірнеше мәрте өзгерген. Қазіргі атауымен 1991 жылдан бері шығып келеді.

1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

1 4 жыл бұрын (2000) Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен «Түрік дүниесі» газетінің бірінші саны жарыққа шықты.

1 3 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикалары арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам университеті құрылды. Университетте ислам теологтары, имамдар, араб тілі мамандары, аудармашылар мен елтанушылар дайындалады.

8 жыл бұрын (2006) Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті. Жоба авторы - танымал британдық сәулетші Норманн Фостер. Ғимарат биіктігі 62 метр, онда 1,5 мың адам сиятын опера театры, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдары, діни конфессиялардың кеңселері орналасқан. Аталмыш нысанды түріктің «Сембол Иншаат» компаниясы салған.

6 4 жыл бұрын (1950) Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнін енгізді.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.

4 9 жыл бұрын (1965) «Қазақстан-Семей» телеканалы құрылды. 1965 жылы 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты.

Ол республикамызда ашылған төртінші телестудия болатын. Суретті фильмдер, деректі және көркем фильмдер негізгі уақытты алатын. Ал тікелей эфирге берілетін жастарға арналған, қоғамдық-саяси және музыкалық жергілікті хабарлар күніне 2 сағат көрсетілетін. Алғашқы хабарлардың бейнежазбалары, «Кинор» кинокамерасы арнаның мұрағат қорында сақтаулы тұр. Олар бүгінгі күні баға жетпес жәдігерге айналған. 70-жылдардың басында кәсіби бейнежазбалар пайда болып, тікелей эфирге жаңалықтар мен жедел хабарлар ғана шығатын болды. 80-жылдары түрлі-түсті телехабарлар көрсетіліп, кейіннен бірте-бірте бейнежазба құралдарының ықшам түрлері пайдаланыла бастады. Бүгінгі таңда «Қазақстан-Семей» телеарнасының техникалық жарақтандырылуы осы заманғы талаптар деңгейінде. Телекомпанияның интерактивті эфирге шығып, аса күрделі түсіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар.

2 4 жыл бұрын (1990) Атырау қаласында тұңғыш рет дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ашылып, кейіннен облыстық ұлттық гимназия болып атауы өзгерді.

9 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада қазақ тілінде оқытатын жаңа №51 мектеп ашылды.

9 жыл бұрын (2005) Атырауда «Қазақстанның мұнай энциклопедиясы» атты екі томдық басылымының таныстырылымы болды.

Алғашқы басылым 1999 жылы Қазақстан мұнайының 100 жылдық мерейтойына арнап шығарылған болатын. Жаңа кітап Түркияда басылып шықты. Энциклопедияда еліміздің мұнай өнеркәсібінің ғасырдан астам тарихы жан-жақты қамтылған. Әсіресе, мұнай мен газ өндірілетін аймақтардың келешегіне терең талдау жасалған.

5 жыл бұрын (2009) Семейде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектебі ашылды.

Семейдегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектебі еліміздегі үшінші білім беру ордасы. Алғашқысы Астанада жұмыс істейді, екіншісі Көкшетауда ашылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектебі - оқушылар күн ұзаққа болатын мектеп. Әрбір 1-4 сыныптарда 18, 5-11 сыныптарда 20 оқушыдан оқиды. Мектепте физикадан 6 зертхана, бағдарламалық қамтамасыз етілетін 12 мультимедиалық бөлме, 37 смарт-сыныбы бар. Барлық мектеп кабинеттері интерактивті тақталармен жарақталған. Ақпараттық-анықтамалық жүйе және радиожиілікті бірегейлендірудің технологияларына негізделген сабаққа қатысу есебінің жүйесі, педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру орталығы жұмыс істейді. Жаңа мектеп халықаралық стандарттарға сай.

5 жыл бұрын (2009) Көкшетауда Тұңғыш Президенттің интеллектуалды физика-математика мектебі ашылды.

Оқу орны 900 орынға есептелген. Жобаның мақсатына орай мұнда жоғары сапалы, білікті мектеп түлектерін оқыту, білім берудің озық инновациялық технологиясы мен ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдалану бірінші кезектегі міндет болып табылады. Физика және математика пәндерін тереңдетіп оқыту арқылы инновациялық бағдарламаларды молынан меңгеруге қол жеткізілмек.

5 жыл бұрын (2009) Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында қазақ мектеп-интернаты ашылды.

Жаңа мектеп-интернат 400 баланы оқытуға есептелген, оның ішінде 200 бала жататын орындармен қамтылған.

ЕСІМДЕР

8 6 жыл бұрын (1928-1994) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ТАЛҒАРОВ Хасенхан дүниеге келді.

Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Құлжа қаласындағы педагогика училищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Сүйдін аудандық оқу-ағарту бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, осы аудандық атқару комитетінің төрағасы болған. 1955 жылы Алматыға қоныс аударып, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының (қазіргі «Жазушы») корректоры, редакторы, «Өнер» баспасының редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның «Тұңғыш кітап», «Жаңбырдан соң», «Торы тайым», «Шыңдағы шұғыла», «Атамекен астанасы», «Менің алтын босағам», «Күміс күлкі», «Қызыл бидай», «Аққулар қайтып келеді» атты жыр жинақтары жарық көрген. «Партизан сыры» поэмасы мен өлеңдері орыс тілінде кітап болып шыққан. Көркем аударма саласында қырғыз ақыны К.Бекниязовтың, түрікмен ақыны Қ.Нұрбадовтың, моңғол ақыны Д.Эльбрустың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған.

9 3 жыл бұрын (1921-2006) (1921) ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі ЕРМЕКОВ Мағауия Әлімханұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының №6 ауылында дүниеге келген. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), осы институттың аспирантурасын бітірген.

1950-1958 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы «Қазақкөмір геология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі қызметтерін атқарады. 1958-1963 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақстан Ғылым академиясының химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі, 1963-1970 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақ тау-кен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана бастығы, 1970-1989 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтының (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) геология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры.

Мағауия Әлімханұлының негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған.

М.Ермековтің 1979 жылы Мәскеу қаласында «Газоносность угольных бассейнов и месторождений Казахстана», «Газоносность угольных бассейнов и месторождений СССР», 1988 жылы Қарағанды қаласында «Статистико-детерминированный метод построения многомерных моделей с использованием ЭВМ» атты бірлесіп жазған еңбектері жарық көрген.

1-дәрежелі «Отан соғыс» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1948) Атырау облысының әкімі, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан республикасы Инженерлік академиясының академигі ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахитдинұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. 1973-1983 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының аға инженері, техникалық мөлшерлеу және еңбекті ғылыми ұйымдастыру отрядының бастығы, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1983-1987 жылдары - Кеңес Одағының Йемендегі мұнай барлау экспедициясының аға инженері. 1987-1991 жылдары - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі терең ұңғымаларды игеру және бұрғылау технологиялары бөлімінің бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы. 1993-2003 жылдары - «ҚазақТүрікМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біріккен кәсіпорынының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының біріккен кәсіпорын үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар бірінші вице-министрі, министрі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы тамыздан 2012 жлғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан тамыз айына дейін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2012 жылғы тамыздан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

10 4 жыл бұрын (1910-1995) ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор ШАҒЫРОВ Ізбасар Ахметұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Көксу ауданында туған. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Орынбор ауылшаруашылық институтының аспирантурасын бітірген.

1935-1937 жылдары - Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының ассистенті. 1940-1945 жылдары - Түрікменстан ауылшаруашылық институтының зертхана меңгерушісі болды. 1962 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Эксперименттік биология институтында қызмет атқарған.

Негізгі ғылыми жұмыстары жануарлар гистологиясы мен эмбриологиясын зерттеуге арналған. Оның 60 жуық ғылыми еңбектері жарық көрген.

7 4 жыл бұрын (1940-2002) өнертапқыш, отандық өндірістің ұйымдастырушысы, техника ғылымдарының кандидаты, КСРО-ның еңбек сіңірген металлургі ИМАНҚҰЛОВ Базаралы Ихметұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Көксу ауданында туған. Қазақ тау-кен институтын бітірген.

1962-1985 жылдары - Ертіс полиметалл комбинаты мыс қорыту зауытының балқытушы, цех бастығы, бас инженері, директоры. 1985-1991 жылдары - Бүкілодақтық түсті металдар ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ҚХР-дағы Халатун мыс-никель зауытында кен өндіру технологиясын жетілдіріп, өндіріске енгізу ісінің ғылыми жетекшісі. 1991-2000 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіру комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2000 жылдан «Зырьян қорғасын комбинаты» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Ғылыми еңбектері Қазақстан металлургиясы технологиясын жаңартуға, оның ішінде мыс, мырыш, қорғасын балқыту процестерінің тиімді жолдарын іздестіруге арналған. 30 аса ғылыми еңбектің, 6 ғылыми жаңалықтың авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

5 4 жыл бұрын (1960) экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының бұрынғы индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі РАУ Альберт Павлович дүниеге келді.

Қостанай облысының Таранов ауданында туған. Рудненск индустральдық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

1992-1993 жылдары - Лисаков қалалық кеңесінің төрағасы. 1993-1994 жылдары - Лисаков қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-2004 жылдары - Лисаков қалалық әкімшілігінің басшысы, әкімі. 2004-2006 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2010 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың 16-ы наурызынан. 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

8 2 жыл бұрын (1932-2009) КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қарақалпақстанның халық әртісі, КСР және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Халық қаһарманы МӘМБЕТОВ Әзірбайжан Мәдиұлы дүниеге келді.

Ресейдің Волгоград облысында дүниеге келген Ә. Мәмбетов Алматы хореография училищесінде, А. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында білім алды. Институт бітіргеннен кейін М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында, «Мосфильм» киностудиясында, Қазақ КСР Мемлекеттік кино комитетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Алматы театр және көркемөнер институтында жемісті еңбек етті.

Институтты бітірген соң М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының режиссері, 1965 жылы бас режиссері қызметтерін атқарды. 1976 жылы КСРО халық әртісі атағына ие болды. Бұның алдында ғана оған КСРО және Қазақ ССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілген болатын.

Әзірбайжан Мәдиұлы өзінің режиссерлік еңбек жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында Ш. Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» атты пьесасын қоюмен бастаған. Осы өнер ордасында жүріп Ә. Мәмбетов Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», М. Әуезовтың «Айман-Шолпан», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббат» секілді көптеген пьесаларын қою арқылы комедия жанрында дарынын ұштай түсті.

1970-1980 жылдары Ә. Мәмбетов өмірінің ең белесті сәттері болды. Ол театрдан кино саласына кетіп, өзін кино саласында сынап көрді. Осы жылдар кезеңінде кейіннен көрерменнің жүрегіне жол тартып, қазақ кинематография саласының алтын қорынан өзіндік орын алған «Жаушы», «Қан мен тер» фильмдері жарық көрді. Бұдан кейінгі жылдары Ә. Мәмбетов театрға көркемдік жетекші ретінде шақырылады. 1989 жылы КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды.

1999 жылы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Әзірбайжан Мәдиұлы Елбасының «елорда театрына басшылық жасаңыз» деген ұсынысын қабыл алып, Астанаға келген болатын. Ол елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік музыка-драмалық театрды басқарды. Оның алдында театрды жаңа сапалы деңгейге көтерудің үлкен міндеті тұрған болатын.

«Әзірбайжан Мәмбетовтың Астана театрындағы соңғы 10 жылда жеткен табысы - әрине, көрермен көзайымы болған түрлi спектакльдер. Астана театрының сахнасында қойылған «Қаракөз», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ана - Жер-Ана» сынды тағы да басқа көптеген қойылымдарды сахналады. Ә.Мәмбетов «Отан», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» орден- медальдарымен марапатталған. «Халық қаһарманы» құрметті атағы берілген. КСРО және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО және Қазақстанның халық әртісі атанған. Астана қаласының құрметті азаматы.

7 9 жыл бұрын (1935) қазақ журналисі, жазушы, драматург ЖАНАТҰЛЫ Баят дүниеге келді.

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында туған. 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педаогикалық институтын бітірген. Баян-Өлгий аймағында жастар комитетінде және аудандық партия комитетінде жауапты қызмет атқарды. 1960 жыдан әдеби қызметен айналысады.

«Кестелі орамал», «Меруерт», «Қиян асулар», әңгіңмелер жинақтарының, драматических произведений «Мен де кінәлімін», «Солдат сыры», «Айырылмас қүшақ», «Адарға тағылған айдар», «Біздің үйленуіміз», «Бажалар бас тырнаспайды» драмтаургиялық шығармаларының авторы. Тарихи Отаны - Қазақстанға 1992 жылы оралды. 1993-1997 жылдары - Көкшетау облыстық «Көкшетау» газетінде тілші. Моңғол медалімен және «Алтын жұлдыз», «Еңбек даңқы» ордендерімен, жастар алтын медальдарымен марапатталған. 7 5 жыл бұрын (1939) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ӘЛИЯРОВ Бірлесбек Қаниұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін), Алматы энергетика институтын бітірген. Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты, инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, 1992 жылдың ақпанынан - директоры. 2002 жылдан бері - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның атқарушы директоры.

Ол күлді-көмірлі жағуды модельдеудің әдістемесін жасаған және соның негізінде аталмыш институтта қолданыстағы жағудың барлық түрлерінің әлемде жалғыз ірі көлемді модельдерінің паркін құрды, соларда көмір жағуды жетілдірудің үлкен кешенді зерттеулері орындалды, сөйтіп Екібастұздағы ГРЭС-2 кешенінде арнайы қазандықтар құру үшін қажетті мәліметтер жинақталды. Соның нәтижесінде қазандықтарда күлі мейлінше көп болатын екібастұздық көмірді тиімді жолмен жағудың әдістері айқындалып, ауаға таралуы әлемдік нормативтер деңгейіне дейін төмендетілген - күлді-көмірлі отын-энергетика стансалары (ТЭС) бойынша техникалық шешімдер жасалуда, көмірге негізделген және экологиялық тұрғыдан қолайлы шағын қазандықтар өнеркәсіптік тексеруден өткізілуде, толықтай мазутсыз көмірмен жағылатын жылу стансаларын пайдалануға мүмкіндік беретін құрылымдар сыналуда.

75 жыл бұрын (1939) танымал жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ӘБДУӘЛИЕВ Тұрсын дүниеге келді.

Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. Свердловск мемлекеттік педагогика институтын, Мәскеу Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1963 жылдан аудандық, облыстық газеттердің тілшісі болған. 1972-1982 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің төрағасы. 1985-1996 жылдары - «Жерұйық» газетінің бас редакторы. 1997-1999 жылдары - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. 1999 жылдан - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің оқытушысы.

50 жыл бұрын (1964) ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, экономика ғлымдарының кандидаты, ҚР Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті ОРАЗБАҚОВ Ғалым Ізбасарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын машина жасау мамандығы бойынша тәмәмдап, инженер-механик мамандығын алған. Еңбек жолын "Поршень" зауытында диспетчер ретінде бастап, бюро бастығы, зауыт комсомол хатшысы болып жұмыс істеген. 1988 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетінде екінші хатшы. 1990 жылы Эталон зауытында конструктор, өндіріс шебері. 1990 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетінің бірінші хатшысы. Бұл қызметте 1991 жылға дейін қызмет етеді. 1992 - 1993 жылдар аралығында Әуезов ауданының әкімшілігінде бөлім бастығы. 1994 - 1995 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің аппаратындағы Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат Мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы және басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі. 1997-1998 жж. Көлік және коммуникация министрлігінің Экономикалық саясат, инвестиция және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация қызметі мен әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы-вице-министр қызметтерін атқарған. 1998-99 жж. «Қазақойл» ҰМК әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, директоры, атқарушы директоры. 2000-01 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2001-02 жж. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі. 2002-03 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі. 2003 ж. шілдеден «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ААҚ президенті. 2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2008 ж. сәуір айынан Израиль Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар