1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында рейс ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан тікелей әуе рейсі іске қосылады.

1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында рейс ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды. Жаңа бағыт екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашпақ. 

– Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және мәдени байланысқа тың серпін беріп, Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Кейінгі жылдары Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы арта түскен. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп. 

Еске салайық, бұған дейін Астана мен Алматыдан Гоаға тікелей рейс ашылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар