1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр - Қаржы министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыртқа заңсыз шығарылды делінген 1 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Қаржы министрлігі тарапынан Ұлттық банкпен айтылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сараптағанбыз. Соның нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе немесе қандай субьектілер бойынша екенін құқық қорғау органдарынан алу керек», - деді министр.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар