1 мың тұрғыны бар Мойылды ауылында 2 отбасы ғана атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж - Павлодар әкімі
ПАВЛОДАР. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов ағымдағы жылғы бірінші есеп беру жиналысын қала маңындағы Мойылды ауылына барып өткізді,
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Қала әкімі ауыл тұрғындарына облыс орталығы мен оның селолық аумағының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы әңгімелеп берді және өткен жылғы кездесуде айтылған ұсыныс-ескертулердің орындалу барысы туралы есеп берді.
Атап айтқанда, өткен жылы Мойылды ауылында екі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, автобус аялдамалары мен су тазалау блок-модулының аумағы абаттандырылды, 14 қоқыс контейнері орнатылды. Жұмыс істейтін село тұұрғындарының қатары көбейіп келеді, 145 тұрғын «Мойылды шипажайы» акционерлік қоғамында жұмыс істейді, «Жол картасы» бойынша ауылда 18 жұмыс орны тағы құрылып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны да қысқарған - қазір ондайлардың тізімінде екі отбасы ғана тұр.
Кездесуде тұрғындар тарапынан Подхозная көшесіндегі жарық мәселесіне, абаттандыруға қатысты бірнеше сауалдар қойылды. Б.Жоламанов бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін айта келіп, тұрғындар тарапынан түскен барлық ұсыныс-ескертулердің бақылауға алынатынын жеткізді.