1 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 1 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
1 НАУРЫЗ, СЕНБІ
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. 1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.
АҚШ-та түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күні. 1986 жылы түрлі-түсті әйелдердің Ұлттық институты АҚШ-тағы түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күнін бекітті. Оның мақсаты - Африка, Индия, Аляска, Азия, Испания, Латын Америкасы және Тынық мұхиты аралдарын мекендейтін әйелдердің достастығын құрып, олардың құқығын қорғап, орын алған мәселелерін шешу болып табылады.
Қазақстан Республикасы криминалистикалық қызметінің құрылған күні. 1919 жылы дәл осы күні РКФСР-дің Іздестіру орталығы жанындағы Сот сараптамасының кабинеті өз жұмысын бастады. Бұрынғы одақтас республикалардың барлық криминалистері осы мерекені атап өтеді. Аталмыш қызметтің қазақстандық милицияның қатарына қосылуы 1920 жылғы тамыздың 26-дағы Автономиялық Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасының құрылу күнімен байланысты. Республиканың құрылуымен қатар Ішкі істер халық комиссариаты, ал оның жанында Милицияның бас басқармасы құрылды. Бас басқармада фотографтардан, қылмыскерлерді есепке алуды жүзеге асыратын және басқа қызметкерлерден тұратын Қылмыстық іздестіру орталық басқармасы - Іздестіру орталығы пайда болды. 89 жыл ішінде өзгеріп жаңару және сапалы даму жолында криминалистикалық бөлімшелер ішкі істер органдарындағы қылмысты ашу мен тергеуге тікелей қатысатын басты қызметтердің біріне айналды. Олардың басты мақсаты криминалистикалық құралдар мен әдістерді тергеу әрекеттері және жедел іс-шаралар кезінде айғақ заттарды табу, белгілеу, алу, зерттеуде қолдану болып табылады.
Босния және Герцеговина Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1992). Босния мен Герцеговина - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сараево қаласы. Ресми тілі - серб, хроват тілдері. Республика 1992 жылы Югославиядан өз тәуелсіздігін алды.
Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік мейрамы - Республика күні.Швейцария - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, шығысында Лихтенштейн, Австриямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі. Астанасы - Берн қаласы. Ақша бірлігі - швейцар франкі. Әкімшілік жағынан 23 кантонға бөлінеді. Әр кантоннның өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар.
Жапонияда бейбітшілік үшін ұлттық күрес күні - Бикини күні. 1954 жылы АҚШ Жапонияның Бикини аймағында сутегі бомбасын жарды. Жарылыс нәтижесінде«Фукурюмару» кемесіндегі жапон балықшылары және Жапония, Микронезия, Полинезия аралдарының мыңдаған тұрғындары зардап шекті.
Панаманың Конституция күні (1972). Панама Республикасы - Солтүстік және Оңтүстік Американы қосып жатқан ең жіңішке құрлық Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Астанасы - Панама қаласы. Ақша бірлігі - бальбоа. Мемлекеттік тілі - испан тілі. 1972 жылы қабылданып, 1978, 1983 және 1990 жылдары өзгерістерге ұшыраған Конституциясы бойынша Панама - унитарлы президенттік республика.
Парагвайдағы ұлттық батырлар күні. 1870 жылдың 1 наурызында аяқталған Паврагвай соғысының құрметіне белгіленген күн. 1864 жылдың 13 желтоқсанында Парагвай мен Бразилия арасында жанжал туындап, оған Уругвай мен Аргентина араласып, соңында 1870 жылы Парагвайдың жеңілісімен аяқталды. Бұл күні сол соғыста қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетіледі.
Польшадағы ұлттық «Қарғысқа ұшыраған жауынгерлерді» еске алу күні. 2011 жылдан бері аталып келеді. Ол 1940-1950 жылдардағы антикеңестік және антикоммунистік тыл кезінде «қарғысқа ұшыраған» жауынгерлерді еске алу мақсатында белгіленген күн.
Көктем мерекесі. Бұл мереке Молдавия, Руминия, Беларусь және Болгарияда тойланады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
5 9 жыл бұрын (1955) Тайыр Жароковтың (1908-1965) «Қырда туған құрыш» атты дастаны жарық көрді. Дастанда өздерінің табыстарын мақтан ететін болат қорытушылардың айтулы еңбектерімен қатар соғыс тақырыбы да қозғалған.
5 2 жыл бұрын (1962) Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы әдебиеттері редакциясының негізінде «Қайнар» баспасы құрылды. 1964 жылдан бастап ауыл шаруашылығының барлық салаларына қатысты әдебиеттер, қазақ және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік кітаптар шығарады. Алғашқы директоры - А.Бектемісов. 1996 жылғы шілденің 16-нан бастап «Қайнар баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталады.
2 1 жыл бұрын (1993) Алматыдағы Космонавтар көшесі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көше болып өзгерді.
1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Ассамблеяның төрағасы болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтап, бекітеді, сонымен қатар сессиясын шақырады. Ассамблея құрамы мемлекеттік органдардың, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен сонымен қатар қоғамдық-саяси белсенді тұлғалардан тұрады. Ассамблеяның 350 мүшесі бар. Жалпы Қазақстанда 130-ға жуық этнос мекендейді.
1 5 жыл бұрын (1999) «Отан» Республикалық партиясы құрылды. 2006 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен «Отан» партиясы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияға айналды.
1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстанда «Халықаралық ақпараттану академиясы» қоғамдық ұйымы құрылды.
9 жыл бұрын (2005) корейлік Шет елдік зерттеулер университетінде (Корея Республикасы) алғаш рет қазақ тілі бөлімшесі ашылды.
9 жыл бұрын (2005) Қазақстанда кәсiпорынды басқару бойынша ерекше консалтингті қызмет көрсететін «ИНТАЛЕВ-Қазақстан» компаниясы құрылды.
9 жыл бұрын (2005) Павлодар университетінде (ПАУ) Павлодар облысындағы алғашқы студенттік радио хабар сөйледі. «ПАУ-эр» бизнес-жобасын ректораттың алдында ойдағыдай қорғаған студент-лингвистердiң тобы жасады. «ПАУ-эр» радио хабарының кестесінде «Презент» музыкалық бағдарлама, радиовикторина, студенттердің сұраған өлеңдері және СМС-чаттар бар.
8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады.
8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Қазақстанда таудағы агробиоәралуандықты сақтау in-situ» жобасы ұсынылған семинар өтті. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы Тянь-Шан тауының екі телімінде орналасқан ауыл шаруашылығы үшін маңызы бар in-situ сақтау және биологиялық әралуандықты тұрақты пайдалану болып табылады. Жобада алманың, өріктің басқа да сирек кездесетін жабайы өсімдік түрлеріне ерекше назар аударылып отыр.
7 жыл бұрын (2007) Қытай Тибетіне жақын жерде орналасқан Цинхай провинциясының Синьхуа-Салар автономиялық уезіндегі Цзецзы мешітінде Құран Кәрімнің Қытай Халық Республикасындағы ең көне көшірмесін қайта жаңарту жөніндегі жұмыс аяқталды. Тарихи жылнамаға сүйенсек, Құранның көшірмесін осыдан 700 жылдай бұрын Қытайға Орталық Азиядан қытайлық аз ұлт өкілі - салар жұртының ата-бабалары әкелген көрінеді. Көне жәдігерді қалпына келтіру жұмыстары заманауи ғылым мен техника жетістіктерінің көмегімен жүргізілген. Жәдігерді мемлекеттік мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізу мақсатында Қытайдың Мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі мемлекеттік басқармасына өтініш берілген.
5 жыл бұрын (2009) Парижде «Қазақстан-Француз технологиялық трансферттеу орталығы» ашылды. Орталық 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. Қызметінің негізгі бағыты ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске жедел түрде пайдаланушыларға жеткізу мәселелерін шешу, сонымен қатар ақпараттық алмасу негізінде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, соның ішінде білімді трансферттеу болып табылады.
4 жыл бұрын (2010) Астанада Мемлекет тарихы институты жанынан докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды. Бұдан былай елордада тарих саласы бойынша докторлық диссертацияларды екі мамандық бойынша - отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы) және тарих жылнамасы, дереккөзтану және тарихи зерттеулер әдістемесі мамандықтары бойынша қорғауға болады. 2011 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай, енді бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады. Бүгінге дейін елімізде тарихшылар өз ғылыми жұмыстарын қорғай алатын жеті диссертациялық кеңес жұмыс істеп келді. Жаңадан ашылған диссертациялық кеңестің құрамына Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларының жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдарының 14 өкілі кіріп отыр.
4 жыл бұрын (2010) Варшавада «Қазақ киіз үйі». Владыслав Соколовски. Өнер, мәдениет, білім, халықаралық консалтинг және сауда орталығы» жаңа ұйымы ашылды. Оны поляк дипломаты және қоғам қайраткері, Польшаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі (2003-2006 жж.), поляктың «Менің Қазақстаным» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Владыслав Соколовски құрды. Қазақстан мәдениеті мен өнерін бағалай білетін ол қазақ киіз үйінің ішін жасаулап, қазақ музыкалық аспаптарын, бас киімдерді, керамика мен қоладан жасалған шеберлердің көне жәдігерліктерін қойды. «Қазақ киіз үйі» ұйымы Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған.
15 жыл бұрын (1999) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе болып өзгертілді.
3 жыл бұрын (2011) Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР қоғам және мемлекет қайраткері, академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші ашылды. 2 жыл бұрын (2012) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті өзінің 40 жылдығын атап өтті.
1 жыл бұрын (2013) Алматыда белгілі халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің Орталық мұражайдан ұрланған екі картинасы табылды.
1 жыл бұрын (2013) ҚР Ұлттық банкі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік 50 теңгелік тиын шығарды.
459 жыл бұрын (1555) Нострадамус өзінің болжамдары жазылған кітапты шығарды.
224 жыл бұрын (1790) АҚШ-та алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша елде 3 929 214 адам тұратыны белгілі болды.
215 жыл бұрын (1799) Петерборда билеуге тыйым салынды.
145 жыл бұрын (1869) Дмитрий Менделеев атомдық салмақ пен химиялық ұқсастыққа негізделген элементтер таблицасын жасады.
134 жыл бұрын (1880) Альпідегі алғашқы Сен-Готард теміржол туннелінің құрылысы аяқталды.
102 жыл бұрын (1912) Сент-Луисте бірінші болып Альберт Берри ұшақтан парашютпен секірді (биіктігі 460 м).
95 жыл бұрын (1919) кеңестік милиция жанынан сот сараптама институты құрылды.
86 жыл бұрын (1928) АҚШ-та дәрігер Герберт Эванс алтыншы дәруменді ашып, оған F деген атау берді.
73 жыл бұрын (1941) АҚШ-тың Нэшвилл қаласында әлемдегі алғашқы коммерциялық радиостанса - W47NV ашылды
67 жыл бұрын (1947) Халықаралық валюта қоры жұмысын бастады.
36 жыл бұрын (1978) Швейцарияда ұрылар Чарли Чаплиннің мүрдесі салынған табытты зираттан қазып алып, оны қайтару үшін ақша сұраған. Қылмыскерлер ұсталған соң, актердің мәйіті қайта жерленіп, аталған жағдай қайталанбас үшін оның үстінен 6 фут бетон құйылды.
21 жыл бұрын (1993) жедел әрекет ету арнайы отряды (СОБР) құрылды.
19 жыл бұрын (1995) өз үйінің алдында белгілі тележурналист және жүргізуші, ОРТ арнасының алғашқы бас директоры Владислав Николаевич Листьев қаза тапты. Болжам бойынша оның өлімі қызметімен байланысты. Бүгінгі күнге дейін қылмыскер мен оған тапсырыс бергендер белгісіз болып отыр.
ЕСІМДЕР
10 4 жыл бұрын (1910-1990) қазақ анатомы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері ҚАРЫНБАЕВ Сыбағатолла Ырысқалиұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атырау қаласында туған. Астрахан мемлекеттік медицина институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы, министрдің орынбасары, министрі, Алматы мемлекеттік медицина институтының (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет) ректоры, қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері адам анатомиясымен Қазақстандағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Ленин, Халықтар Достығы, Еңбек Қызыл Ту, 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
93 жыл бұрын (1921-1983) қоғам және саясат қайраткері ӘШІМБАЕВ Тұтқабай дүниеге келді. Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Фрунзе индустралдық техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және Бүкілодақтық инженер-құрылыс институтын сырттай бітірген. 1940 жылы Үлкен Шу арнасы құрылысында аға техник болып істеген. 1940-1946 жылдары Ұлы Отан соғысы майданына қатысқан. 1946-1957 жылдары - Түркістан-Сібір темір жолы құрылысының аға инженері, құрылыс комитетінің төрағасы, бөлім меңгерушісі, Ауыл шаруашылық қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің хатшысы. 1957-1959 жылдары - «БасАлматықұрылыс» тресі өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, «Түрксібтрансқұрылыс» тресінің бөлім бастығы, Алматы халық шаруашылық кеңесінің бөлімше бастығы. 1959-1960 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1960-1965 жылдары - Текелі қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1965-1969 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1969-1971 жылдары - Қазақ КСР Ауыр индустрия кәсіпорны құрылысы министрінің орынбасары. 1971-1973 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1973-1980 жылдары - Маңғышлақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1980-1981 жылдары - Қазақ кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 1981-1983 жылдары - Қазақ КСР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің директоры қызметтерін атқарған. «Богатство недр и щедрость души», «Творчество миллионов» атты кітаптарының авторы. Қазан революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
8 3 жыл бұрын (1931-1999) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Құрметті профессоры. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖОЛДАСБЕКОВ Өмірбек Арысланұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1954-1958 жылдары - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы, аға оқытушысы, механика факультетінің деканы. 1958-1962 жылдары - Мәскеу тоқыма институтының аспиранты, ассистенті. 1962-1970 жылдары - Қазақ политехника институтының (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры. 1970-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ректоры. Қазақ мемлекеттік университеті қалашығының салынуына ұйытқы болып, көптеген жаңа кафедралардың ашылуына басшылық жасады. 1986-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі. 1988-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Механика және машинатану институты зертханасының меңгерушісі, директоры, құрметті директоры. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ғылым, блім және жаңа технологиялар жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ол 1991 жылы Халықаралық инженерлік академияның вице-президенті, 1993 жылы Ислам елдері инженерлік академиясының вице-президенті, 1997 жылы Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі болып сайланған. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды. Ол жазық рычагты жоғарғы класты механизмдер кинематикасы, кинетостатикасы, серпінді буынды механизмдер динамикасы салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жазық және кеңістіктік жоғарғы класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде оның басшылығымен әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейдерлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғылар жасалып, өндіріске енгізілді.
Ол қазақ ғалымдары арасында бірінші болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасап, машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазды. Аталған ғылым салалары бойынша ғалымның 400-ден аса ғылыми еңбектері, 12 монографиясы жарық көрген. 30-дан аса оқулықтары мен оқу құралдарының, 126 авторлық куәлік пен шетелдік патенттердің авторы. Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендарымен, бірнеше медальмен, оның ішінде Халықаралық және ресейлік ғылыми-инженерлік бірлестіктердің Г.В.Шухов атындағы алтын медалімен, әл-Хорезми атындағы халықаралық фестивальдің алтын медалімен, Халықаралық инженерлік академияның күміс медалімен марапатталған. Өмірбек Жолдасбековтың есімі Механика және машинатану институтына, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығындағы Студенттер сарайына, университет мұражайына, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларындағы көшелерге берілген.
7 5 жыл бұрын (1939) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Президенті Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты СҮЛЕЙМЕНОВ Мехлис Қасымұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1960-1962 жылдары - Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының ғылыми қызметкері. 1962-1990 жылдары - Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры. 1992-1994 жылдары - А.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты. 1995-1996 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті. 1997 жылдан Тәлімі жерлерде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру халықаралық ғылыми орталығының Орталық Азия және Кавказ маңы елдері бойынша аймақтық үйлестірушісінің орынбасары қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. М.Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25-30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді. Ғалым 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдермен марапатталған.
6 6 жыл бұрын (1948-1999) актер, Қазақстанның халық әртісі БОРАНБАЕВ Әнуар дүниеге келді. Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. Алматы консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. 1971 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында актер болған. Осы театр сахнасында Ілияс (Қ.Мұқышев «Дала дастаны»), Сапа, Сырым, Арыстан, Бірсімбай, Кембай (М.Әуезов «Түнгі сарын», «Қарагөз», «Айман - Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Еңлік - Кебек»), Еламан (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»), Бөгенбай (Т.Ахтанов «Ант»), Майсалбек (Ш.Айтматов «Ана - Жер-ана»), Незнамов (А.Островский «Жазықсыз айыптылар»), Люченцио (У.Шекспир («Асауға тұсау»), т.б. рөлдерді орындауда өзінің дарындылығымен ерекшеленген. 1975 жылдан «Гауһартас», «Ауылым Алатаудың баурайында», «Түрксіб», т.б. фильмдерге түскен.
6 4 жыл бұрын (1950) деректі фильмдер режиссері, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері СҮЛЕЕВА Әлия Қалиқызы дүниеге келді. Жамбыл облысы Қордай ауданы Георгиевка ауылында туған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Мектепте оқып жүрген кезінде "Қазақфильм" киностудиясы жанындағы актерлік студияда оқыды. 1975 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында реж. қызметпен айналысады. Ол "Кәмшат" (1975), "Жіптер" (1977), "Орынбасар әндері" (1982), "Атамекен" (1993), "Бекет-Ата" (2000) деректі фильмдерінің, "Ауылым Алатаудың баурайында" (1986, бірқатар халықаралық кинофестивальдардың жеңімпазы), "Бақыт іздеушілер" (1994 95), "Сиқырлы демеуші" (2001), т.б. көркем фильмдердің реж., сондай-ақ, бірнеше деректі, мультфильм сценарийлерінің авторы.
6 1 жыл бұрын (1953) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі БАҚБЕРГЕНОВ Қайрат дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. «Фотостудияда», «Журналист» журналында, «Қазақстан», «Жазушы» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеген. «Пойманный ветер», «Веретелка» атты жыр жинақтарының, «Приглашение к игре», «Сезон бабочек» атты мультфильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар балалар ауыз әдебиетінің шығармаларын орыс тіліне аударған.
58 жыл бұрын (1956) «Цесна» Корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы ЖАҚСЫБЕКОВ Серік Рыскелдіұлы дүниеге келді. Қостанай облысы Қарабалық ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген. 1978-1980 жылдары - Целиноград облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ақпараттық есептеу орталығының инженер-электригі. 1980-1987 жылдары - Краснознаменский аудандық «Ауылшаруашылықэнерго» кәсіпорнының аға, бас инженері, Целиноград электр желісі Теңіз аудандық желісінің бастығы, Теңіз аудандық электр желісінің бастығы. 1987-1990 жылдары - кеңшар партия комитетінің хатшысы, Шортанды аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Шортанды аудандық арнайы шаруашылық бірлестігі партия комитетінің хатшысы. 1990-1992 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі, Ақмола қалалық әкімшілігі басшысының кеңесші-консультанты. 1992-1997 жылдары - Ақмола облыстық Кеден басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1997-2007 жылдары - «Цесна» Корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. 2007 жылдың наурызынан бастап - қазіргі қызметінде. «Құрмет» орденімен, медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталған.
58 жыл бұрын (1956) «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ бас директоры РЫСБАЕВ Қайрат Ойратұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер. 1978-1985 жылдары - құқық қорғау органдарында жұмыс жасады. 1985-1986 жылдары - Гурьев облыстық күрделі құрылыс басқармасының бөлім бастығы. 1986-1987 жылдары - Гурьер таксомотор паркі бастығының орынбасары. 1987-1988 жылдары - СҚО Есіл аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы. 1988-1990 жылдары - Қарағанды металл бұйымдары зауытында бөлім бастығы. 1991-1993 жылдары «Шығыс кілті» Сыртқы экономикалық қауымдастығының бас маманы. 1995-1997 жылдары - «Аскор» ЖШС директоры. 1997-1998 жылдары - «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ басқарма бастығы. 1998-1999 жылдары - «Темірлан» ЖШС бас директоры. 1999 жылы - ҚР бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссияның басқарма бастығы. 1999-2006 жылдары - «ҚараАлтын» БК бас директоры. 2008-2009 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ аппарат жетекшісі. 2009-2011 жылдары - «ҚазМұнайГаз-ПМ» АҚ жалпы мәселелер бойынша басқарушы директоры. 2011-2012 жылдары - «ҚазМұнайГпаз-ПМ» АҚ бас директорының кеңесшісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы шілдеден бері.
5 5 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Созақ ауданынының құрметті азаматы ӘМІРЕЕВ Бағдат Құлтайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Душанбе мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1981-1996 жылдары Йемен, Ливан мемлекеттерінде тілмаш, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ирак мемлекетінде тілмаш қызметтерін атқарған. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн мемлекеттеріндегі, Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы болған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1963) Ақмола облысының прокуроры ИСАДИЛОВ Мұратбек Кұсайынұлы дүниеге келген.
Ол Семей облысы (бүгінде Шығыс Қазақстан облысы) Жаңасемей ауданында туған. Р.С. Руденко атындағы Свердловск заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1988-1990 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үрджар ауданы прокурорының көмекшісі; 1990-1991 жылдары Үрджар ауданы прокуратурасының тергеушісі; 1991-1992 жылдары Семей ауданаралық табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі; 1992-1994 жылдары Семей облысы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры; 1994-1997 жылдары Семей облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау жөніндегі бөлім бастығы; 1997-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының прокуроры; 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үрджар ауданының прокуроры; 2002-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының прокуроры; 2004-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары; 2009 жылғы ақпаннан Алматы облысы прокурорының орынбасары; 2009 жылғы 28 желтоқсаннан Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары; 2011 жылғы 6 қыркүйектен Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып істеді. 2012 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» медальдарымен, «Прокуратураның Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.
38 жыл бұрын (1976) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты БЕРДІОҢҒАРОВ Тәңірберген Маратұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1994-2001 жылдары - «31-ші арна» ТРК-ның журналисі, жастар телебағдарламалары редакциясының жетекшісі, компания президентінің көмекшісі, «Х-телевижн» ЖШС-інің бас директоры, «Шахар» ТРК» «Звездопад.kz» жастар жобасының жетекшісі. 2001-2003 жылдары - «Отан» партиясы төрағасының жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі. 2003-2008 жылдары - «Отан» Республикалық саяси партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының республикалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы тамыздың 18-інен - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымының депутаты, 2007 жылдың қыркүйегінен - Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылдан бері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 15 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
9 6 жыл бұрын (1918-1976) бразиялық мемлекет қайраткері, 1961-1964 жылдардағы Бразилия президенті Жуан Бельшиор Маркис ГУЛАРТ дүниеге келді.
76 жыл бұрын (1938-2004) кеңестік және украин актері, Украинаның халық әртісі БРОНДУКОВ Борислав Николаевич дүниеге келді.
7 6 жыл бұрын (1938) Самоа мемлекет және саяси қайраткері, 2007 жылдан мемлекет басшысы Туиатуа Тупуа Тамасесе Эфи дүниеге келді. 5 8 жыл бұрын (1956) литвалық саясаткер, экономист, 2009 жылғы 12 шілдеден Литва Республикасының президенті Дала ГРИБАУСКАЙТЕ дүниеге келді.