1 сәуір әзілдері: Джей Ло Ди Каприоны алдап соқты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 сәуір күнін «Алдау күні» ретінде әзілге құмар жандардың асыға күтетіні жасырын емес. Дәл осы күні британдық әзілкеш Джеймс Корденнің «Carpool Karaoke» атты бағдарламасында қонақта болған Дженнифер Лопес жақында ғана Оскар сыйлығын алған Леонардо Ди Каприоны алдап соқты, деп жазады meduza.
None
None

Телешоудың жүргізушісі әншінің телефонынан Леонардо Ди Каприоның номерін тауып алып, оған: «Сәлем, балақай. Менің бой жазып қайтқым келіп тұр. Ұсынысың жоқ па? Хабар бер. Джей Ло...», деп жазып, Лопестің қарсы болғанына қарамастап жолдап жіберген. Сәлден кейін Ди Каприо кешке клубқа барып қайтайық деген ұсыныс жасаған.

Алайда, сәлден кейін олар мұның әзіл екенін айтуға мәжбүр болды. Себебі әншінің кешке басқа жоспарлары болған.

Carpool Karaoke - британдық әзілкеш Джеймс Корденнің танымал шоуы. Онда ол көлікпен жүріп, түрлі танымал жұлдыздармен әңгіме-дүкен құрады. 

Соңғы жаңалықтар