1 шілдеде Қазақстандағы халық саны 18,5 млн адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адам болды. Бұл өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

1 шілдеде Қазақстандағы халық саны 18,5 млн адамға жетті

Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, ал ауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.

Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104) қалалары бар.