10 қаңтарда Қазақстанның солтүстігінде ауа райы 33 градусқа дейін төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар өңірлерінде 10-11 қаңтар күндері күн суытатындығы жөнінде ескерту жариялады.

10 қаңтарда Қазақстанның солтүстігінде ауа райы  33 градусқа дейін төмендейді

10 қаңтар күні Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 11 қаңтар күні Шығыс Қазақстанда түнде ауа райы 23-28 градусқа дейін төмендейді, кей аймақтарда -33 градусқа дейін суытады.

Сондай-ақ 10 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында минус 3-8 градусқа дейін күн суытып, түнде -13-18 градусқа дейін төмендейді.