10 қыркүйекте Көкшетау ЖЭО құрылысы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — 10 қыркүйекте Көкшетау жылу электр орталығының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Ақмола облысында «Көкшетау энерго» ЖШС ұжымымен кездескен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

ТЭЦ-ПВС Темиртау
Фото: ennova.energy

«Біз көмірді ұмытпаймыз. Не газ, не жел немесе болжаммен атом деп отырғанымыз жоқ. Бізде бәрі қолданылуы тиіс. Көмір саласында бізде ондаған мың жұмыс орны бар. 10 қыркүйекте Көкшетау жылу электр орталығының құрылысын бастаймыз. Ең заманауи станса болады. Жеңілдікпен қаржыландыруға қатысты мәселе бүгінде шешілді», — деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Оның атап өтуінше, бірінші кезеңде станса Қазақстанның экологиялық заңнама талаптарына сәйкес салынатын болады.

Ал екінші кезеңде станса еуропалық стандарттармен жұмыс істейтіндігі көзделген.

Ол үшін қосымша жабдықтар орнатылады.

Еске сала кетейік, Алмасадам Сәтқалиев мұның алдында атом электр стансасына қажет су Балқаштан алынатынын, алайда ол көлдің суының көлеміне еш әсер етпейтінін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар