10 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 10 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

10 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

10 қыркүйек, СӘРСЕНБІ

Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ). Бүкіләлемдік өзін-өзі өлтірудің алдын алу күні бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша іс-қимылды қолдауды нығайту мен көтермелеу мақсатында жыл сайын 10 қыркүйекте өткізіледі.

Осы мәселеге қолдау көрсетіп жүрген демеуші - Халықаралық өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі қауымдастығымен бірге Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен басқа да әріптестер өзін-өзі өлтіруге тырысқан адамдарды тиісті деңгейде емдеуді және содан кейін күтімге алуды жақтайды, сондай-ақ БАҚ-тарда өзін-өзі өлтіруді мейлінше ұстамды жариялауға шақырады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 9 жыл бұрын (1925) сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды.

2 2 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек кеңшарында қазақ халқының батыр ұлы, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды.

2 1 жыл бұрын (1993) Қазақстанда Ресей мәдениетінің күндері басталды.

2 1 жыл бұрын (1993) Алматыда халықаралық «Қарқара-93» жәрмеңкесі ашылды. Оған дүниежүзінің көптеген елдерінен 200-ге жуық шет елдік компаниялар мен фирмалар және Қазақстанның 60-тан астам кәсіпорны қатысты.

1 8 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды (1997 жылғы ақпанның 28-інен Дипломатиялық академия).

1 5 жыл бұрын (1999) Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильміне бас жүлде берілді.

9 жыл бұрын (2005) Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салтанатты түрде ашылды.

Жаңа бес қабатты кітапхана 15 мың шаршы метрді алып жатыр, оның 20 оқырмандар залына бір мезгілде 500 адам сияды. Ұлттық кітапханада 2 млн. томға жуық баға жетпес білім қазыналарымен қатар, осы заманғы электрондық ақпараттар сақталып, оқырмандарға қызмет көрсетеді.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты салтанатты түрде ашылды.

Әскери институт - «аудармашылық iс» және «өлкетану» сияқты мамандықтар бойынша жоғарғы әскери арнайы бiлiмi бар офицерлердi дайындайтын Орталық Азия аймағындағы жалғыз оқу орын.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қалалық әкімшілігінің, АҚШ-тың, Ресейдің, ГФР-дың, Түркияның, ҚХР-дың, Оңтүстік Корея елшілігінің әскери атташелері және елшіліктің өкілдері, республикамыздың жетекші жоғары оқу орындардың ректорлары қатысты.

9 жыл бұрын (2005) Қостанай облысының Қарабалық ауданында Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің құрметіне ескерткіш ашылды.

Ескерткіш төрт қарабалықшы тұрғынының есімдері қашалған постаменттен тұрады. Постамент - қара жауқазын және автомат гильзасы топтастырылған мүсін.

8 жыл бұрын (2006) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының (СКХК) күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. «СКХК» ЖШС күкірт қышқылы зауытында жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы шығарылатын болады. Одан әрі жылына 360 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Күкірт қышқылы халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылатын химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады. Күкірт қышқылы күшті, бірақ та арзан қышқылдардың бірі. Ол уран, мұнай, металлургия, металл өңдеу, тоқыма салаларында қолданылады.

7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы тоғыз кәсіпорынды салу жұмысының басталуына арналған шараға қатысты.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Шебер қол» бірінші халықтық қолөнер фестивалі болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты - қолөнерге қолдау көрсету және оны жастардың арасында кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушысы - Халықаралық көшбасшылық орталығының бастаушы тобы.

Шараға әртүрлі жастағы адамдар қатысып, өздерінің былғары, саз, ағаш, металл, киіз сынды материалдардан жасаған бұйымдарын ұсынды.

7 жыл бұрын (2007) Павлодарда Қазақстанның биологиялық алуандылығын сақтау қорының тұсаукесері болып өтті.

Оның қатысушылары үкіметтік емес ұйымдардың, атқарушы органдар мен коммерциялық құрылымдардың өкілдері өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді және табиғатты пайдалану, жануарлар мен құстарды сақтау жайын талқылады.

ТМД-дағы алғашқы мамандандырылған экологиялық үкіметтік емес ұйым әлем жануарларын сақтауға бағытталған жобаларды қаржыландыру тетіктерін құруға бағытталған. Алғашқы кезеңде жаңа қоғамдық ұйымға Ғаламдық экологиялық қор көмек көрсетпек.

5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жаңа цехы құрылысының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның филиалы. 1943 жылы құрылған, Қазақстан қара металлургиясы саласының тұңғышы. Өзінің құрамында зауыттың үш балқыту цехы, сондай-ақ шлактарды қайта өңдеу, шихталарды даярлау, кен-байыту цехтары және басқа да көмекші нысандары бар. Өзінің газ-турбина электр стансасы жұмыс істейді.

5 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе маңындағы Кирпичный кентіндегі жаңа теннис орталығын ашты.

Теннис орталығын ашудың негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау, сондай-ақ халықтың әртүрлі жіктерінің арасында теннис спортын тарату болмақ.

Орталық құрамына төрт жабық және алты ашық теннис корты, үш орындық көрермендер мінбері, екі тренажер залы, оқу-әдістемелік сыныптар кіреді. 150 автомашинаға тұрақ, жаттықтырушыларға арналған тұрғын үйлер салынған.

ЕСІМДЕР

1 20 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, көркемсөзші ҚОЖАНОВ Сұлтанбек Қожанұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы - 10.2.1938, Мәскеу) - мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК (б) П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.

Са­яси қыз­метін Таш­кент қала­сын­да се­мина­рия оқушы­лары­нан құралған «Кеңес» ат­ты ас­тыртын жас­тар ұйымын құру­дан бас­таған. 1917 жы­лы көктем­де Таш­кент­те Мұста­фа Шоқай, Қ. Қожықов, Қ. Болған­ба­ев, С. Ақаев­пен бірге «Бірлік туы» га­зетін шығар­ды. Түркістан (Қоқан) ав­то­номи­ясы­на қызу қол­да­ушы­лық та­нытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құла­ту­ын жергілікті ха­лықтың өзін-өзі би­леу құқығын аяқас­ты етушілік деп бағала­ды.

Өлке­де кеңестік билік тұсын­да орын алған ашар­шы­лыққа қар­сы күресте бел­сенділік та­ныт­ты. Аш­тықпен күре­сетін орт. ко­мис­си­яның мүшесі ретінде 1918 жылғы қара­шадан бас­тап Түркістан, Со­зақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Ши­елі өңірлерінде ашыққан адам­дарды та­мақтан­ды­ратын ар­найы орын­дар ашу­ды ұйым­дастыр­ды. 1919 - 20 жы­лы Сыр­да­рия уездің төрағасы­ның орын­ба­сары, Түркістан уездік-қала­лық атқару кентінің, Сыр­да­рия об­лыстық ре­волю­ци­ялық кенттің төрағасы бол­ды.

1920 жыл­дың соңына қарай Түркістан рес­публи­касы­ның Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ры, 1921 жы­лы қазан­да Ха­лық ағар­ту ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. Ол осы қыз­меттерді атқару ба­рысын­да БО­АК пен РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойын­ша құрған ко­мис­си­ясы - Түрікко­мис­си­яның Ре­сей­де іске асы­рылып жатқан ком­му­нистік ша­ралар­ды Түркістан өміріне күштеп енгізу­ге, тап­тық күресті ши­еленістіре түсу­ге, сөйтіп ұлттық мәсе­лені кейінге ығыс­ты­рып тас­тауға бағыт­талған әре­кетіне қар­сы тұрды. Оқу-ағар­ту са­ласын­да білім бе­руді жергілікті ха­лықтар тілінде жүргізу мәсе­лесін көтеріп, оны жүзе­ге асы­руды та­лап етті.

Мәскеу, Пет­роград секілді ірі қала­лар­да жоғары оқу орын­да­рын­да білім алып жатқан түркістан­дық жас­тарға ма­тери­ал­дық көмек көрсе­туде бірқатар іс-ша­ралар­ды жүзе­ге асыр­ды. Түркістан­да бас­пасөздің және ұлттық те­атр­дың өркен­деуіне еле­улі үлес қос­ты. "Ақ жол» га­зетін шығару­ды ұйым­дасты­рып, оның алғашқы ре­дак­то­ры бол­ды. 1922 жы­лы Түркістан рес­публи­касы­ның Жер ша­ру­ашы­лығы ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­да­лысы­мен, ауыл аху­алы­на ерек­ше көңіл бөліп, өлке­дегі жер-су ре­фор­ма­сына тек тап­тық қана емес, со­нымен бірге ұлттық си­пат бе­ру бағытын да ұстан­ды.

1922 - 1924 жы­лы Түркістан КП кентінің хат­шы­сы, атқару кенті төрағасы­ның орын­ба­сары, РК (б) П ОК Ор­та Азия бю­росы­ның мүшесі бол­ды. Қ. мемл. қай­рат­кер ретінде Ор­та Ази­ядағы ұлттық-аумақтық ме­желеу кезінде (1924) ай­рықша та­ныл­ды. 1924 жы­лы қара­шада РК (б) П Қазақ об­ко­мының (1925 жы­лы ақпан­нан - Қазақ өлке­комы­ның) екінші хат­шы­сы қыз­метіне жіберілді. Қ-тың тіке­лей ұсы­нысы­мен Кеңес­тердің І съезі қазақ халқы та­рихи ата­уын (пат­ша­лық тұсы­нан бұрма­ланып қалып­тасқан "кир­гиз» де­ген ат­ты төл ата­уына - "қазаққа» түзетіп) қай­та­рып, ас­та­налық қала атын Қызы­лор­да деп өзгертті.

1925 жы­лы қара­шада БК (б) П ор­та­лық кентіне шақыры­лып, ұлт рес­публи­кала­ры бойын­ша жа­уап­ты нұсқаушы ла­уазы­мымен Кав­казға, 1928 жы­лы Таш­кент­ке, Ор­та Азия Бю­росы­на қыз­метке жіберілді. Мұнда ол үгіт-на­сихат бөлімі меңге­рушісінің орын­ба­сары, хат­шы бол­ды. Бүкіло­дақтық ауыл ша­ру­ашы­лығы ҒА-ның (ВАСХ­НИЛ) Таш­кент бөлімшесін ұйым­дастыр­ды. 1929 жы­лы Ор­та Азия мақта-ир­ри­гаци­ялық по­литех­ни­ка инс­ти­тутын (СА­ХИПИ) құрып, алғашқы ди­рек­то­ры бол­ды, со­нымен қатар 1929 - 31 жы­лы Ор­та Азия мақта кентінің ди­рек­то­ры қыз­метін атқар­ды. 1931 - 32 жы­лы БК (б) П ОК ап­па­ратын­да істеді. Қожа­нов негізгі міндет­терін қоғам­дық, ғылы­ми-шығар­ма­шылық жұмыс­тармен ұштас­ты­рып отыр­ды. Мек­тепке ар­налған "Есеп­та­ну құра­лы» ат­ты оқулығы (1924), "Түркістан­ның Кеңестік Ав­то­номи­ясы­ның он жыл­дығына» ат­ты орыс тіліндегі зерт­теуі (1928) же­ке кітап бо­лып шыққан. РК (б) П ОК ұлт қыз­меткер­лерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасы­ның орын­ба­сары Т. Рысқұлов­тың басқару­ымен өткен же­ке кеңес­те (1926) сөй­ле­ген сөздерінде, сон­дай-ақ И. В. Ста­лин­ге 1927 жы­лы жазған екі ха­тын­да Қожа­нов­тың са­яси көзқарас­та­ры мейлінше айқын тұжы­рым­далған. Ол 1937 жы­лы 16 шілде­де Таш­кент­те тұтқын­да­лып, са­яси қуғын-сүргін құрба­ны бол­ды. 1957 жы­лы ақтал­ды. Ал­ма­ты, Шым­кент қала­ларын­дағы көше­лер­ге Қожа­нов есімі берілген. Түркістан­да ес­керткіш қойылған.

10 9 жыл бұрын (1905-1986) филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ағарту ісінің үздік қызметкері ҚОҢЫРАТБАЕВ Әуелбек дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Ташкент педагогикалық училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген.

1921 жылы Ә.Диваевтың фольклор экспедициясына қатысқан. 1922-1924 жылдары Ташкенттегі алғашқы комсомол газеті «Жас қайратты» шығаруға атсалысты. 1925 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істейді. Астана Алматыға көшкенде, Қызылорда округтік ауаткомының жауапты хатшысы болады. 1929 жылы «Сыр бойы» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі, «Екпінді балықшы» газетінің редакторы, 1930 жылы Алматыға оралып, республикалық «Колхоз» газетінің редакторы болады. 1932-1934 жылдары Мәскеу Комвузында оқиды. 1934-1937 жылдары аралығында БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің аппаратында нұсқаушы болып қызмет атқарады. 1944-1948 жылдары Ғылым академиясының Тіл-әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет істей жүріп, бірқатар фольклорлық экспедицияларды басқарады. 1945 жылы М.О.Әуезовтің басшылығымен А.Құнанбаев шығармаларының академиялық жинағын шығарысып, оның «түсініктемелер» бөлімін жазады. 1948 жылы М.Әуезовпен бірігіп «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының лиро-эпос бөлімін жазып шыққан. Бұдан кейінгі жылдары монографиясын, балаларға арналған поэма, әңгімелер жинағын, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелігін, оқулықтарын шығарды. «М.Әуезовтің типтендіру өнері», «Қазақ эпосы және оның түркология мәселелері» сияқты ғылыми еңбектер жазып, оғыз қыпшақ дәуірінен қалған «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударды. 40-жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде фольклордан дәріс оқыды. 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының профессоры болды.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

10 8 жыл бұрын (1906-1978) эпизоотолог, малдәрігерлік ғылымының докторы, профессор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері СТУДЕНЦОВ Константин Петрович дүниеге келді.

Татар АКСР-інде туған. Қазан малдәрігерлік институтын бітірген. 1930-1932 жылдары - Павлодар, Петропавл, Семей облыстарының мал дәрігері. 1932 жылдан Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, ғылыми қызметкері. Негізгі ғылыми зерттеулері эпизоотология мәселелеріне арналған. Ол маңқа, алаөкпе, бруцеллез ауруларының эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеп, олардан сақтанудың арнайы шараларын белгілеп берді. Ауру сиырдан туған бұзауды оқшаулап, оған бруцеллез жұқтырмау жолын тапты.

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

10 6 жыл бұрын химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ШӘРІПХАНОВ Ахметжан Шәріпханұлы (1908-2001) дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу педагогикалық институтын бітірген. 1935-1938 жылдары - Алматы байланыс және кооперация техникумының мұғалімі, директордың орынбасары. 1938 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, органикалық синтез зертханасының жетекшісі қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері нәзік органикалық синтез мәселелеріне арналған. Ол ацетилен негізінде көптеген биологиялық активті гетероциклді қосылыстар алып, олардың құрылысын, химиялық реакция механизмдерін зерттеді: анестезия ретінде фармацевтикада қолданылатын «Рихлокаин» препаратын, дәрілік, фунгицидтік қосылыстар, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін жеделдететін көптеген химиялық заттар синтездеді. 35 авторлық куәлік алған. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы.

«Ленин» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

9 3 жыл бұрын (1921-2006) «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің толық иегері, Қазақ КСР білім беру саласының озық қызметкері, КСРО ағарту саласының озық қызметкері СҮЛЕЙМЕНОВ Мүтәш дүниеге келді.

Қарағанды облысының Нұра ауданында туған. Қарағанды педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. Еңбек жолын Нұра ауданының Чкалов атындағы ұжымшарда есепші қызметінен бастады. 1942 жылы армия қатарына шақырылып, 49-шы Армиянының 139-шы Рославск Қызыл Тулы дивизиясында, 2-ші Беларус майданында бағыттаушы және 45-мм зеңбіректің командирі болды. 1946-1987 жылдары Нұра ауданының қазақ орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған. 2001 жылы Қарағанды мектептерінің бірінде оның есімімен аталатын мұражай ашылды.

«Даңқ», Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 6 жыл бұрын жазушы ТҰЯҚБАЕВ Жұмамұрат (1938-2000) дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Целиноград облысының «Тың өлкесі» газетінде, Шымкент облыстық газетінде тілшіліктен бас редакторға дейінгі жауапты жұмыстарды атқарған. Жазушының «Береке бастауы», «Жаныңда - жанашыр жақсы ағаң» секілді деректі туындылары, «Шырай», «Сыбызғы сазы» атты жеке жинақтары шыққан және шығармалары көптеген ұжымдық кітаптарға енген.

«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

7 5 жыл бұрын (1939) философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы АЙТАЛЫ Амангелді Әбдірахманұлы дүниеге келді. 1939-ншы жылы 10-ншы қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы, Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964-нші жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚАЗҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған.

Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласын қызмет еткен. 1999-2004-нші жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007-нші жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты. Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптардың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің гамотасымен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1948) техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты НАМАЗБАЕВ Тілеухан Серікұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1971-1995 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Химия-металлургия институты пирометаллургиялық процестер зертханасында қызмет істеп, Бүкілодақтық қара металлургияны автоматтандыру ғылыми-зерттеу институты (қазіргі «Қазқараметавтоматика» АҚ) тәжірибелік-конструкторлық бюросының Қарағанды филиалы бригадасының жетекшісі, технологиялық процестерді басқару жүйесін автоматтандыру зертханасының меңгерушісі, болат қорытатын өндірісті автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995-2005 жылдары - «Қазқараметавтоматика» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, вице-президенті болған. Металлургияда технологиялық процестермен басқарудың және бақылаудың жаңа тәсілдерін жасады. 100-ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 40 өнертабыстың авторы.

6 6 жыл бұрын қоғам қайраткері, «Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушылардың бірі әрі оның мүшесі ОМАРОВ Шәріп (1948-2007) дүниеге келді.

4 8 жыл бұрын (1966) азақстанның "Атамекен одағы" ҰЭП президиумының төрағасы, кәсіпкер, экономика ғылымының кандидаты ҚҰЛЫБАЕВ Тимур Асқарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі, кіші ғылыми қызметкері. 1990-1992 жылдары - Қазақстанның Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры. 1992-1997 жылдары - «Алтын Алма» Концерні» АҚ-ының бас директоры, президенті, Қазақстанның халықаралық даму қорының бас директоры, «Altyn Alma» сауда үйінің президенті, «Алтын Алма» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті. 1995-1997 жылдары - «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының директоры. 1997-1999 жылдары - «Казақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ-ының экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 1999-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ-ының президенті, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ының бас директоры. 2001-2002 жылдары - «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының бас директоры. 2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының бірінші вице-президенті болған. 2002 жылдан бері «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қазанынан - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2009 жылдың қаңтарынан - Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті атқару комитетінің мүшесі. 2010 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың сәуірінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы болып сайланған. 2010 жылдың мамырында Қазақстан Репсубликсы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына кірген. 2011 жылдың 12 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған. «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. «Қазатомпром ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY ассоциациясының төрағасы. Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰЭП президиумының төрағасы (2010 жылдан).Қазақстан Республикасы бокс федерациясының төрағасы.«Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2011 жылдың маусымынан) Қазіргі қызметінде 2011 жылғы желтоқсаннан бері.

3 дәрежелі «Барыс», «Құрмет», Достық, 2 дәрежелі князь Даниил Московский ордендерімен, 2 медальмен марапаттаған. Seimar Open 2000 гольфтан 3 жыл сайынғы қазақстандық турнирде 1 орынды жеңіп алған.

3 8 жыл бұрын (1976) ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялвық даму бөлімінің меңгерушісі АЙТАЕВ Ренат Құрметжанұлы дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Д.М.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, инженер-эконоист, заңгер.

1999-2000 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасында өнеркәсіп кәсіпорындарына мониторинг бөлімінің бас маманы. 2000-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің талдау және болжамдау департаментінің жетекші, бас маманы. 2002-2003 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің кірістер мен келісім-шарттар департаментінің кедендік кірістер бөлімінің бастығы. 2008-2008 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің басқарма бастығы. 2008-2009 жылдары - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2009-2010 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің директоры. 2010 жылғы сәуір-маусым айларында - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық саясат департаментінің директоры. 2010 жылғы маусым-қазан айларында - ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы қазаннан бері.

274 жыл бұрын (1740-1802) орыс ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы, Ресей Ғылым Академиясының толық мүшесі ЛЕПЕХИН Иван Иванович дүниеге келді.

Страсбург университетін бітірген. П.С.Палласпен бірге Батыс Қазақстан аймағы - Жайық өңіріне саяхат жасады. Ботаника және нумизматикаға бағалы коллекция жинады. 1769 жылы Жайық қалашығында болып, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан бірқатар форпостарды аралады. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап, пайдалы қазбалар өндірісі жөнінде болжам жасады, жергілікті тұрғындар этнологиясы, т.б. туралы мәліметтер жинақтады. Көптеген еңбектері неміс тіліне аударылған.

115 жыл бұрын (1899-1974) көрнекті экстрасенс, медиум және телепат, профессор, РСФСР еңбек сіңірген әртісі, көптеген біреегей қабілеттер иесі және жұмбақ тағдырлы МЕССИНГ Вольф Григорьевич дүниеге келді.