10 мамырда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Кей жерлерде желдің күшейюі күтіледі, оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Республиканың тек оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнде оның екпіні 15-20 м/с-қа, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.
Павлодар облысында күндіз жел 15-25 м/с дейін артып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.