10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі.

Гранты
Фото: freepik.com

«Қазіргі таңда (сағ. 17.00) 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш „Педагогикалық ғылымдар“ және „Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары“ бағыттарына берілді», — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Соңғы жаңалықтар