10 өңірдің көлік жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Павлодар облысында барлық бағыттар бойынша трассалар жабық.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қоғамдық және дизельді автокөліктерге барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды.
Алматы облысында бұрқасын салдарынан «Алматы-Өскемен» автожолының «Үшарал - ШҚО шекарасы» бөлігі және «Үшарал-Достық» трассасының «Көктума ауылы - Достық ауылы» учаскесі жабылды.
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» автожолының «Батыс Қазақстан облысының шекарасы- Қобда ауылы» бөлігі, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолының «Қарауылкелді - Атырау облысының шекарасы», «Шұбарқұдық ауылы - Қарауылкелді» учаскелері жабық.
Батыс Қазақстан облысында «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының «Переметное ауылы-РФ шекарасы» бөлігінде шектеу енгізілді. Бұған дейін өңірде облыстық маңызы бар «Ақсай-Шыңғырлау» жолында, сондай-ақ «Тасқала-Аққурай-Болашақжолы» трассасында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын жаздық.
Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» күре жолының «Сарыкөл кенті-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» бөлігі, Қарағанды облысында «Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы» учаскесі жабық тұр.
Бұдан бөлек, Астана қаласынан барлық бағыттарға шығатын тас жолдарда қоғамдық және дизельдік автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.