10 шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде күн ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 18 м/с-ге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде 15-22 м/с-ге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Алматы, Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.