10 жасар ақтаулық бүлдіршін «Кішкентай әлем аруы-2015» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас қазақстандық Ақмейір Әлиева «Кішкентай әлем аруы-2015» титулын жеңіп алды.
None
None

Түркияда әлемнің 19 елінен 42 қатысушы әлем аруын тәжін кию үшін бақ таластырды. Алайда жеңіс тек 10 жасар Ақтау қаласының тумасына бұйырды, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Жас отандасымыз ескі дискілерден, целлофан пакеттер мен шарлардан өз қолымен жасаған көйлегін ұсынып, бүкіл елді таң қалдырды. Ол өз елі туралы әңгімелеп беріп, қазылар алқасына қазы мен шұбат тәрізді қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып көруді ұсынды. Енді кішкентай әлем аруы өзінің екінші арманын жүзеге асырмақ. «Менің бірінші арманым - кішкентай әлем аруы байқауында жеңу еді, ол арманым орындалды. Енді екінші арманым туралы ойлап жүрмін. Кішкентай кезімнен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуді армандаған едім. Ата-анам маған үнемі егер сен жақсы оқитын болсаң, өз арманыңа қол жеткізесің дейтін. Мен арманына жетемін деп ойлаймын», - дейді Ақмейір Әлиева.

Соңғы жаңалықтар