100-ден астам оқушы Шымкенттегі №39 мектеп жанынан ашылған логопедтік пунктте оқиды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 100-ден астам оқушы №39 мектеп жанынан ашылған логопедтік пунктте оқиды.
None
None

Бұл балалардың барлығы логопедтік пунктке қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің шешімімен келеді.

"Балалармен мамандар олардың сөйлеу немесе жазу қабілетіндегі ақаулық дәрежесіне байланысты құрастырылған бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Оқу аптасына 2-3 рет негізгі оқудан бос уақытта өтеді", - деді мектеп директоры Марат Бейсе.

Мектеп жанындағы логопедтік пункт инклюзивті білім беру аясында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағдарламаны мектеп үш жыл бұрын енгізген. Осы уақыт ішінде мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың ұжымға сіңісуі үшін жұмыс жүйесі қалыптасты. Биылғы оқу жылында 12 сынып бар. Бір үшінші сынып сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін ұйымдастырылды. Төрт екінші сыныпта сөйлеу қабілеті бұзылған балалар оқиды. Ені бірінші сыныптарда да сөйлеу қабілеті бұзылған балалар оқиды. Тағы екі бірінші сыныптарда психикалық дамуы бәсеңдеген балалар білім алады. Бір бірінші сыныпта ақыл есі сәл кем балалар және тағы бір бірінші сыныпта тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар оқиды.

Атап өту керек, №39 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға демалыс уақытында да көп көңіл бөлінеді. Мұнда мектеп жанындағы "Арман" лагері жұмыс істейді. Арнайы сыныптың оқушыларынан басқа лагерьге арбаның көлігімен жүретін балалар мен олардың ата-аналары келеді. Олар үшін арнайы үйірмелер ұйымдастырылды: моториканы, қол икемділігін дамытатын, спорттық үйірмелер. Сондай-ақ, массаж жасалды, логопедтік оқулар, психологиялық тренингтер өтті.

Соңғы жаңалықтар