«100 жаңа есім» жобасы бойынша дауыс берудің аяқталуына 8 күн қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - www.100esim.el.kz сайтында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бастама көтерген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушыларына онлайн-дауыс беру жалғасуда. Дауыс беру 10 қараша күні аяқталады.
None
None

Дауыс беруге 302 кандидат ұсынылған, олар қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінген: ғылым - 45 адам, спорт - 42 адам, қоғам - 86 адам, медицина - 46 адам, мәдениет - 37 адам және бизнес - 46 адам. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар Астана, Алматы қалаларын және барлық облыстарды қамтыды.

Бүгінге дейін жоба қатысушыларына 65 602 адам 136 238 дауыс берілді. Сайтқа кірген әр пайдаланушы әр санат бойынша 3 адамға дауыс бере алады, яғни әр адамның 18 қатысушыға дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қоса, EL.KZ интернет жобасының редакциясы аптаның демалыс күндері сайын дауыстарды қабылдау бойынша офлайн-акция өткізуде. Өткен аптада, яғни қазан айының 29-ы күні редакция қызметкерлері MEGA Silk Way ОСО-да дауыс берудің жылжымалы пунктін ұйымдастырып, адамдарға жоба кандидаттары туралы айтып беріп, дауыс беру процесін түсіндірді. Келесі кезекті акция 4 қазанда MEGA Silk Way ОСО-да өтеді.

Бүгінге дейін ең көп дауыс жинағандар арасында Шымкент қаласының кәсіпкері, меценат Қайрат Молдасеиітов (3989 дауыс), Алматы қаласында тұратын жас композитор, пианист Рахат-Би Абдысагин (3242 дауыс) және Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылыңымен айналысатын кәсіпкер Қуаныш Сүлейменов (3076 дауыс) бар.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты тарихы мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне кім кіреді?

Жобаның барлық қатысушылары - өз арманына жетуге және жетілуге ынта-құлшынысы мен жігері зор отандастарымыз. Бұл адамдардың барлығы елеулі табысқа жетіп, бідің қоғамымыздың дамуына үлестерін қосып отыр. Мұндай жетістікке олар өз білімі мен қажырлы еңбегінің арқасында жетіп отыр. Осы жандар өздерінің ісі арқылы өз отандастарына үлгі болуға әбден лайық. Бұл табыс тарихтарымен көзге түскен нақты есімдер кез келген статистикадан сенімдірек, кез келген мотивациялық коучтен әсерлірек.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» меритократиялық қоғам құрылысына екпін береді, себебі әр адам өзінің кәсіби біліктілігі мен мемлекеттің дамуына үлесі негізінде тұлғалық әлеуетін іске асыру мүмкін екенін өз үлгісі арқылы көрсете алады.

Соңғы жаңалықтар