10:56, 11 Шілде 2009 | GMT +5
102 жастағы әнші концерт берді
ТОКИО. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Жапонияда 102 жастағы әншінің концерті өтті. Бұл шара Осака қаласында болды. Айко Кано ханым 100 жылдық пианиномен өзін сүйемелдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.
Әнші өзінің бұл концертін «музыкада бір ғасыр өмір сүрген екеудің концерті» деп атады. «Ол аспап менің дәуірімнен болғандықтан, екеуіміз жақсы үндесіп отырмыз», деп әзілдейді Айко Кано ханым.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр 100 жылдықтарын тойлаған жапондықтардың саны 36 мың адамнан асқан.