11-13 шілдеге ауа-райы болжамы жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет алдағы 11-13 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады.
None
None

Синоптиктердің хабарлауынша, Ресейдің Таймыр түбегі аумағынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа әкелетін жоғары барилік жыра республиканың оңтүстік жартысына көптен кетпеген ыстық ауа температурасын төмендетеді.

«Ауа температурасы тек қана төмендеп коймай, мұнда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр, найзағайлы нөсер күтілуде. Биік барилік жырамен  байланысты болған атмосфералық ағындар жаңбыр шақырады. Ағындардың ықпалы Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді, сол себептен республиканың көптеген облыстарының кей жерлеріне жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел және бұршақ болады деп болжануда», делінген хабарламада.
Астана қаласына арналған ауа райы болжамы
11 шілде күні: көшпелі бұлт болады, күндіз жауын-шашын түсіп, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +13+15°С, күндіз +22+24°С.

12 шілде күні: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

13 шілде күні: көшпелі бұлт болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +18+20°С.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы
11 шілде күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +32+34°С.

12 шілде күні: күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +30+32°С.

13 шілде күні: күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

Соңғы жаңалықтар