11 қыркүйектегі терактіде аман қалған АҚШ азаматы Кениядағы шабуыл кезінде қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығы мұнарасына жасалған лаңкестік шабуыл кезінде тірі қалған АҚШ кәсіпкері 16 қаңтарда Кенияда Найроби қаласындағы Dusit қонақүй бизнес-кешеніндегі теракті салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Sky News Arabia телеарнасы хабарлады.
None
None

Содырлар сейсенбі күні Dusit кешеніне шабуыл жасаған. Алғашқыда онда бірнеше жарылыс болған, кейін содырлар адамдарға оқ жаудырған. Соңынан жанкешті ғимараттардың бірінде өзін жарып жіберді. Террористерді ұстау операциясы 20 сағатқа созылған. 20-дан астам адам қаза тапты.

Джейсон Спиндлер инвестициялау және дамушы нарыққа көмек көрсететін консалтингтік компанияны басқарған. Қанды оқиға болған сәтте оның Dusit қонақүйінде іскерлік кездесуі өтіп жатқан. Джейсон бір аптадан кейін 41 жасқа аяқ басар еді.

Соңғы жаңалықтар