11 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 11 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1960) Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сергей Михаилович ЕРШОВ дүниеге келді.

Өзбек КСР-да туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2012-2014 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, 2014-2017 жылдары Қарағанды облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2017-2020 жылдары Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет мүшесі.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1976) ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Михайловна САВЕЛЬЕВА дүниеге келді.

Ақмола аграрлық университетін«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1999-2002 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасында жетекші маман болып бастады. 2002 жылы ҚР Қаржы министрлігін Мемлекеттік бюджет департаменті республикалық бюджетті әзірлеу басқармасының бюджетті әзірлеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2002-2008 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда: бас маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, бас сарапшы, Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директорының орынбасары, департамент директоры, 2014-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен марапатталған.
47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Тастемірұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының (тергеу жұмыстарына жетекшілік ететін) орынбасары, 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті 2-басқармасының бастығы, 2014-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының басшысы, 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (жедел-іздестіру жұмыстары бойынша), 2017-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (жедел-іздестіру жұмыстары бойынша), 2020-2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (жедел-іздестіру жұмыстары бойынша), 2021-2023 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Елдос Әлиханұлы САҒИЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2002-2007 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарының прокуратура органдарында қызмет атқарды. 2007-2012 жылдары Қарағанды облысы бойынша ҚМДБ-ның әртүрлі басшылық лауазымдарында қызмет етті. 2014-2015 жылдары Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының түрлі басшылық лауазымдарында қызмет етті. 2015-2016 жылдары Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурор қызметі басшысының орынбасары.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
42 жыл бұрын (1983) Ақмола облысы бойынша жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Алпысбай Қуандықұлы ҚАЙЫРЖАНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Шортанды ауданында туған. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 2009-2010 жылдары Шортанды ауданы Шортанды ауылы әкімінің орынбасары, әкімі, 2010-2014 жылдары Шортанды ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2014-2019 жылдары Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі, 2021-2024 жылдары Степногорск қаласының әкімі қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Тельманұлы ҚАМБАРОВ дүниеге келді.

2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, 2014 жылы «Тұран-Астана» университеті бітірді.
Еңбек жолы: 2010-2012 жылдары әдістемелік жұмыс мониторингін талдау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы, 2012-2013 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы әкімшілік бөлімінің консультанты, Астана қаласы, 2014-2015 жылдары «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бас инспектор-бас бақылаушы, Астана қаласы, 2015-2018 жылдары Астана қаласы «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2021-2024 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
64 жыл бұрын (1961-2024) Мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Асқар Ахметұлы МУСИНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласының тумасы. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1984-1987 жылдары Ливиядағы әскери аудармашы, 1987-1991 эылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, 1991-1992 жылдары Ресей Федерациясының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің екінші хатшысы, 1993 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының халықаралық бөлімінің аға ассистенті, 1993-1996 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының бастығы, ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулдық бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының бастығы, Консулдық қызмет департаментінің директоры, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті хаттамасының меңгерушісі, 1999-2002 жылдары ҚР Египеттегі, сондай-ақ Мароккодағы, Тунистегі және Алжирдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2002-2006 жылдары ҚР Сауд Арабиясы Корольдігіндегі және Парсы шығанағы елдеріндегі (БАӘ, Оман, Катар, Кувейт және Бахрейн) Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2006-2008 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2008-2013 жылдары ҚР Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, 2014-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Сауд Арабиясы, Жидда қаласындағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшылығы жанындағы Бейбітшілік пен жанжалдарды реттеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2018 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және технология жөніндегі Бас хатшысының орынбасары және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры ретінде ол халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне адал қызмет етті. Дипломатиялық ортада ол өз Отанының нағыз патриоты, жоғары деңгейдегі дипломат және араб бағытында қазақ дипломатия мектебінің негізін салушылардың бірі ретінде танылды. 63 жасында ол 2024 жылы 10 ақпанда кенеттен қайтыс болды.
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Біріккен Араб Әмірліктерінің 1-дәрежелі «Тәуелсіздік» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.