11 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 11 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

11 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

11 тамыз, ДҮЙ СЕНБІ

Чад Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Чад - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ливиямен, шығысында Суданмен, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, Батысында Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі. Астанасы - Нджамен қаласы. Ресми тілі - араб және француз тілдері, сонымен қатар тағы да 100-ге жуық тіл қолданылады. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

12 1 жыл бұрын (1893) А.И.Деров кен округінен Екібастұз қонысындағы кен орнына барлау жүргізу куәлігін алды. Бұл кен орнын 1867 жылы Қосым Пішенбаев ашқан болатын.

2 2 жыл бұрын (1992) ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны негізінде осы аттас көркем суретті фильм түсіріліп бітті. Қоюшы режиссері С.Тәуекел.

2 1 жыл бұрын (1993) 103 отбасынан тұратын иран қазақтарының алғашқы легі тарихи Отаны - Қазақстанға оралды.

1 9 жыл бұрын (1995) Жидебай қорығында салынған Абай мен Шәкәрім күмбездері мемориалының ашылу салтанаты болды.

9 5 жыл бұрын (1919) Германия Ұлттық ассамблеясы «Веймар конституциясын» қабылдады. Енгізілген басты өзгеріс - Баварияның Германияға қосылуы заңды түрде бекітілуі.

9 жыл бұрын (2005) Орал көшелерінің біріне белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Мұстахим Ықсановтың есімі берілді. Мұстахим Ықсанов (1926-1991) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Борсы ауылында дүниеге келген. 1975-1986 жылдар аралығында КОКП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметінде аймақты ойдағыдай басқара отырып, қала сәулетіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. Қазақстан КП Орттралық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Мұстахим Ықсанов тұрған үйде ескерткіш тақта және оның атындағы мектептің алдында бюст орнатылған.

7 жыл бұрын (2007) Павлодар қаласында Ресей Федерациясы Ғылым академиясының жоғары марапаттары салтанатты түрде табыс етілді.

5 жыл бұрын (2009) БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «Ядролық қаруға жол жоқ» атты қазақстан-жапон көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Қазақстан мен Жапонияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктері көрмені ядролық қарусыздану жөніндегі шаралардың аясында және келесі жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қатысушы елдердің Шолу конференциясы қарсаңында өткізіп отыр. Семей сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың тоқтатылуының 20 жылдығы мен Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының құрылуына арналған. Көрме жұмысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы және Орталық мемлекеттік мұрағат мағлұматтары қолданылған. Көрмені ұйымдастыруға Семей, Хиросима және Нагасаки қалаларының әкімшіліктері, Сәулеге ұшырағандардың денсаулығы мәселелері жөніндегі Хиросима Халықаралық кеңесі, Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен Орталық мемлекеттік мұрағаты қатысты. Көрменің ашылу салтанатына БҰҰ-ға мүше елдердің, БҰҰ Хатшылығының, АҚШ-тың қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдері, қазақстандық диаспора мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

ЕСІМДЕР

8 5 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ПОЛЫМБЕТОВА Фатима Әбілқайырқызы дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Ботаника институтының аспирантурасын бітірген. 1951-1993 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Ботаника институтының кіші ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, бөлім, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі болып істейді. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері өсімдің физиологиясына арналған. Ол мәдени өсімдіктердің биологиялық әр түрлілігін ескере отырып, оларды сақтау, тарату, қорын байыту және республика климатына төзімділігі мен өнімділігін арттыру жөнінде ғылыми бағыт қалыптастырды. Ол дәнді дақылдар, үрмебұршақ, қауын және қызанақтың бірнеше түрлері мен будандарын жинастырып, олардың гендік қорын зерттеген. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің қолайсыз факторларға бейімделуінің тұрақты теориясын ұсынды. Оның басшылығымен бидайдың бірнеше жаңа сорттары ( «Эритроспермум - 350», «Ақсай», «Мирас», «Отан», «Әлем»), құрамы белокқа бай үрмебұршақтың екі сорты (Жоңғарлық, Ақтәтті) шығарылып, өндіріске енгізілді. Ф.Полымбетованың ұсынысымен Қазақстанның континентальды климатының (қысы - суық, жазы - ыстық, құрғақ) өсімдіктерге әсерін модельдеуге бейімделген арнайы жылыжай - фитотрон салынды. Ф.Полымбетованың жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 30-дан астам ғылым кандидаты даярланды. Ғалымның 16 монографиясы, 300-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол 15-тен аса авторлық куәліктің иегері. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған.

8 9 жыл бұрын (1925-1983) Кеңес Одағының Батыры КРОНИТ Альберт Викторович дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Орталау мектепті, Балтық әскери-теңіз авиациялық училищесін бітірген. 1943 жылдың тамызынан Ұлы Отан соғысына қатысып, Танкке қарсы қарудың көздеушісі, 60-шы Орталық майданның 75-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 241-ші гвардиялық атқыштар полкі танкке қарсы қарудың нысанашысы, гвардияның кіші сержанты болған. А.Кронит 1943 жылы 24-ші қыркүйекте Глебовка ауылының маңында Днепрден өтіп, өзі екі танкті өртеп жібереді, жараланғанына қарамастан жау пулеметін тартып алып, шабуылдаушы гитлершілерді атып, қоян-қолтық айқаста бірнеше фашистің көзін құртады. Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылдың 17 қазанында берілді. Соғыстан кейін әскери-теңіз авиациялық училищесін бітіріп, Балтық және Солтүстік флоттарында қызмет еткен. 1949 жылдан запастағы аға лейтенанты. Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

5 1 жыл бұрын (1963) ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары СМАҒҰЛОВ Бауыржан Әміржанұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды медицина инстиутында оқыған, Қарағанды экономика университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Қарағандыда, Мәскеуде медицина мекемелерінде, коммерциялық құрылымдарда, Қарағанды облысында жауапты басшылық қызметтерде болды. 2010 жылғы мамырдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы тамыздан бері.

2 4 жыл бұрын (1990) қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы ДЫЧКО Иван Фёдорович дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқиды. Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды. Жаттықтырушылары - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары В.И.Шайрер, С.М.Мұқышев.

4 6 жыл бұрын (1968) «Шахар» телеарнасының президенті, «Hit TV» телеарнасының және «Энерджи» радиосының басқарушысы ЧЕРВИНСКИЙ Олег Чеславович дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1992 жылдан «Учитель Казахстана» газетінің бөлім редакторы, жауапты хатшысы. 1994 жылдан - «Деловая неделя» газетінің бас редакторы. 1996 жылдан - «Oil & Gas of Kazakhstan» журналының бас редакторы. 1998 жылдан - «Новое поколение» газетінің бас редакторы. 2003 жылдан - «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті. 2005 жылдан - «Petroleum» журналының шығарушысы және бас редакторы. 2006 жылдан - «Новое поколение» газеті редакциялық кеңесінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы қыркүйектен бері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. .

6 3 жыл бұрын (1950) америкалық компьютер жасаушы, Apple фирмасы құрылтайшыларының бірі Стивен ВОЗНЯК дүниеге келді.