11 жасар грузиялық Андрия Путкарадзе Junior Eurovision байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Осы сенбіде Мадридте өткен әйгілі ән байқауында 11 жасар Андрия Путкарадзе жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Euronews жазды.

Грузия Junior Eurovision байқауында төртінші рет жеңіске жетті
Фото: instagram.com/junioreurovisionofficial

Биыл байқауға Эстония, Франция, Испания, Албания, Армения, Грузия, Нидерланды, Кипр, Ирландия, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Германия, Сан-Марино және Украина қатысты. 

Жеңімпаз сайыс кезінде «Анама» әнін нақышына келтіре орындады. 

11 жасар грузиялық Андрия Путкарадзе Junior Eurovision байқауында жеңіске жетті
Фото: instagram.com/junioreurovisionofficial

Грузия ең көп 12 ұпайды Италия, Эстония, Албания, Армения, Кипр, Испания, Нидерланды, Сан-Марино, Украина, Португалия, Исландия және Мальтадан алды. 

Путкарадзе қорытындысында 239 ұпайға ие болса, екінші орындағы Португалия 213 ұпайға қол жеткізді.

Евровидение
Фото: instagram.com/junioreurovisionofficial

Бұған дейін 2008, 2011 және 2016 жылдары Junior Eurovision байқауында Грузияның жас әншілері жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Грузия төртінші рет Junior Eurovision ән байқауының жеңімпазы атанып отыр. 

Еске сала кетейік, биылғы Еуровидение байқауында Швейцария жеңіске жеткенін жазған едік. Сондай-ақ 

Соңғы жаңалықтар